К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы


 - дәріс. Тұрақты тіркесудің қолданылуы



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

7 - дәріс. Тұрақты тіркесудің қолданылуы 
Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы – тұрақты 
тіркестер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тізбектер, қанатты сөздер.
Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, 
көпшілікке арналған дәрістерде, әңгімелерде мол пайдаланады. Баяндама, 
дәріс, әңгіме тілін жандандыру үшін әдеби тілде бар кестелі сөздерді 
пайдаланудың ешқандай ерсілігі жоқ, қайта олар ұтымды сөздің аса керекті 
элементтері болады. Олар мыналар: 
Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған 
халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір 
шындығының қорытындысы болып келеді. Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең 
мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу керек-
ақ. 
Мақал-мәтелдердің ішінде қазіргі заманға жанасымды, тәрбиелік мәні 
зор өнегелілері бар да, ескі өмірдің кертартпалары шығарған ұстамсыздары да 
бар, оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек.
Фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін 
жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар 
«идиомалық тіркес», «фразеологиялық тіркес» деп екіге бөлінеді. 


24 
Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің 
мағыналары қатынаспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында 
ойды әсерлі, көрікті етіп айту үшін жұмсалады: олар – мынандай тіркестер: 
қара қылды қақ жару, қой үстіне бозторғай жұмыртқалау, жүрегі шайылу, 
қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, тіс қаққан, сіркесі су 
көтермеу, аузымен орақ ору.
Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады. 
Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы – құрамындағы сөздердің 
(не бірінің) әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысалы, тіл 
алмау, көз қырын салу, жаны ашу, түймедейді түйедей ету, басына әңгір таяқ 
ойнату, үрейін ұшыру, тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу, 
тырнақ астынан кір іздеу. Бұл топқа мынандай тіркестер де енеді: аузынан 
тастамау, қайратқа міну, күш жұмсау, қолқабыс ету, шамасы келмеу, 
қолынан келмеу, көзі түсу, басы қату, ойын бөлу, есіне салу, көңіліне келу. 
Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің бір белгісі. Халық 
тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығын да молынан, дұрыс қолдану 
арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп салады. 
Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келген оқушы, 
студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы 
тиіс.
Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын жөн-
жорығы жоқ өзгертіп айтып, жазуға болмайды. Мысалы, «табан астында» 
дегенді «табан аузында», «қаға берісте қалып қойды» дегенді «қаға беріске 
қарай айнала берді» тәрізділер кездеседі. Дәлдікке бой ұрған кісі үшін «екі 
көзімді төрт қылды» (сағындырды) дегеннің сөздерін өзгертіп, орнын 
ауыстырып айтудың жөні жоқ. Тек өлеңді сөйлемде ұйқас үшін ол сөздер 
басқаша құрылуы мүмкін:
Төрт қылып екі көзді сағындырып,
Жүр екен біздің қалқа қандай жерде!
(Майлин) 
Өзім жоқта орныма шөп сап қойып, 
Ақ жүзімді ел-жұртқа қылма салық.
(Абай) 
Шыбын жаным көрінді,
Бүгін менің көзіме.
(Жамбыл) 


25 
Бір тілде бар идиомалық тіркестерді екінші тілде сөзбе-сөз аударуға 
болмайды. Өйткені олардың білдіретін мағыналары құрамындағы сөздердің 
мағыналарынан құрылмайды, мүлде басқа ауыспалы мағынаны білдіреді. 
«Вот, где собака зарыта» дегенді «Мәселенің түйіні, міне, осында жатыр» деп 
дұрыс аударған.
Фразеологиялық тіркестерді қолданудағы бірқатар қателер олардың 
құрамындағы сөздердің тұлғасын өзгертіп айтудан болып жүр. Мысалы, 
«сіркем су көтермей тұр» дегенді «сіркесі су көтереді» деу, «бет 
бақтырмайдыны» «бетін бақтырмайды», «бет бақтырады» деу, «қой аузынан 
шөп алмайдыны» «қой аузынан шөп алады» деу дұрыс болмайды.
Көркем әдебиет шеберлерінің жазғандарында тұрақты тіркестер 
құрамын әдейі өзгертіп, не араларына басқа сөздерді қосып айту кездеседі, 
бірақ олардың көбінде ерекше стильдік өң болады. Мысалы, «көзімнің жасы 
көл болды» дегенді күшейтіп айту үшін С. Торайғыров «көз жасым көктен 
құйған жауын еді» деп жазады.
Жауабың кеше-бүгін болмаған соң, 
Көз жасым көктен құйған жауын еді.
Поэзия тілінде «жүні жығылды», «соққы жеді» тіркестерінің құрамы 
өзгеше болып та кездеседі.
Батыр тұлға бола алмай, 
Елдің түгі жығылды.
(Жамбыл) 
Өмірден тепкі жесем, жазығым жоқ,
Еш нәрсеге көңілім болмаса тоқ.
(Абай) 
Ал тұрақты тіркестерді өзгертіп айтуда ешқандай мағына болмаса, 
оларды стильдік қате деп есептейміз. Мысалы:
Әбігерге түсу (Ғ. Сланов) – Әбігер болу. 
Беделін төмендету – Беделін түсіру.
Қазақ жазушыларының қанатты сөздерді халық тілінен өзгеден алып, 
өздері жасап қолдануы тегін емес. Онда үлкен шеберлік қасиет бар. сондықтан, 
мысалы, Ғ. Мұстафин «Біткен іске сыншы көп, піске асқа жеуші көп», «Нөсер 
алдында найзағай ойнайды», «Қызыл темір суға салса, шыжылдар да 
шынығар» тәрізді ел аузында барды өз орнына орынды пайдаланумен қатар, 
өзі де солардың үлгісімен: «Сыншының бәрі бірдей мінші ме?..», «Көп алдында 


26 
көсем пікір ойнайды», «Қызба жүрек суық сөзден дір етер де суынар» тәрізді 
қанатты сөздер жасаған. Мұндайды шеберлік демеске болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет