К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет30/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Тақырыптың мазмұны
1. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармаларында бейнелілік ойлау мен оның мағыналық ерекшеліктері.

2. Зерттелетiн есiмнамалардың ойлауындағы табиғатының рөлi.

3. Көшпелi-қазақтардың ойлау табиғаты тән ерекшелігі.

Тарихи-философиялық зерттеулер әлемде қандайда бір эстетикалық эталонның жоқ екенін көрсетеді, уақыттың ағысына қарай жаңа рухани әлеуеттік шекарасы кеңейеді және биік болады. Эстетиканың жаңа типтері туындайды. Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі эстетикалық ерекшеліктен, қазақтардың қабылдауында эстетикалықтың субъект-объект категориялық құрылымының жоқ болуы табылады, мұнда адам мен әлемнің сипаты және олардың өзара қарым-қатынасы енгізілген. Біз берілген ерекшелікті назарға ала отырып, эстетикалық зерттеуге кіріскенде эстетикалық жеке аралық қатынас пен этикалық табиғи көрегендікке тоқталамыз.

Табиғи көріністер тудыратын эстетикалық сезімнің не екенін түсіну үшін, барлық ойлау үрдісі, әлемді тану қазақтарда пайымдаушылық сияқты қаралғанын еске түсіру керек. Ойшылдардың әлемді танудағы өзінің туған жазығының сұлулығына деген берік және шыдамды қатынасы шындықты бейнелеу және өзіндік тану әдісі бар пайымдаушылық ортаны қазақи ойлау дәстүрімен түсіндіреді. Табиғат әлемі таңғажайып және үйлесімді, М. Ж. Көпеев пікірі бойынша, сұлулық заңдылығы құрылғандықтан ол жаратушы атрибуты болып табылады. Бұл пайымдаушылықта адами бастау құдайшылдықпен шектеседі. И. Кант тұжырымына қарағанда, М. Ж. Көпеевше керемет табиғат өзінің ішкі сипаттамасы бойынша көтеріңкі болады. Мұнда біз өзіміз И. Кант және М. Ж. Көпеев позициясыларында екi ойшылдың ойлауындағы эстетикалық сипатты талдауы айтарлықтай терең көрсетілген, әсіресе оның жоғарылатылған ғажайып мүмкiндiктерін салыстырған. Неміс классигіне сәйкес, кереметтілік – адамда сезгiш басым болса керiсiнше бейтарап қарағанда бар болмысымен жоғарылатылады, онда өнегелі бастама туындайды, бiрақ сонымен бiрге «жоғарыдан қанағаттандыру өзіне тек оң қанағат қана емес, сонша құрмет пен сый, яғни шыныменде жағымсыз қанағаттану деп аталынуы мүмкін» [23]. М. Ж. Көпеевте керісінше, ғажайып табиғатта пайымдау бола алмайды, себебі ол бастапқы құдаймен жаратылған. Демек, араласқан табиғатта құдайдың пайымдауына табиғаттың әдемiлiгiнiң пайымдауы бiрдей. Ал бұл дегеніміз табиғаттағы рахаттану сезімімен (ғажайыптық), махаббат және таңдану сезімін қозғайды (тым жоғарылатылған).

С. Торайғыровта табиғаттың бірнеше басқа көріністері белгіленеді. Оның ойындағы өмiрлер ғажап тамашалығы мен айрылысудың элегиялық қайталанбас қайғысы бiлiнедi. Табиғат туралы айтқан сөздерiнде жас ақын табиғат туралы өз дербес күйiн жеткізетіні анық. Өршеленетiн жасыл дiңгектiң арасында жалғыз парақша мерзiмiнен бұрын қуаруы ақынның өзінің тағдырының трагедиялық күйге түсуімен шектеледі. С. Торайғыров табиғи образ арқылы рухани іздеуді жаңа күйге әкелді. Ол назарды адамның табиғатқа еруімен емес, табиғатпен қатынастықтары арқылы белгіленген экзистенциалды амалсыздықтарға екпін түсірді. Сонымен қатар, Торайғыров табиғатта адамның өткінші бар болуымен қатар, табиғат мәңгілігінде өз мәңгілігін көруге тырысты.

Ж. Аймауытов М. Ж. Көпеев сияқты туған өлкеге деген өз таңданысын білдірді. Оның ойларындағы әдемiлiктерiнiң қуаныш көрiністері рақаттық сезiммен үндеседi.

Яғни, ең алдыменен табиғатқа парықсыздық, эстетикалық қайғыруды айқындалады. Біздің көзқарасымызда, Ж. Аймауытов қазақ халқының дәстүрін жалғастырумен қатар, адам өміріндегі табиғаттың мәнінің жаңа реңктерін анықтады. Оларға кереметтілікпен қатар адам және табиғат әлемінің ұқсастық күлдіргі элементтері белгіленеді: ақ аққу кабинетте отыратын маңызды комиссарша дыбыс шығарады; амандасқан әйелдер сияқты қаздар айқайлайды: Ойшылдардың ұқсас ирониялық қатынастары нақты ой шабытты пайда болдырады. Оның ирониясы қайғылы және романтикалы, ол ұқсас салыстырулармен тамсанады сол уақытта адам баласының кемелiне жетпегенiнен ауруды сезiнеді. Кейбір деңгейлерде Ж. Аймауытов ирониясын Сократ ирониясымен салыстыруға болады, олар тек қана басқаларды кекетумен бірге, сонымен қатар өздерінде кекетеді. Бұл сезім мен ойын эмоциясы емес, Аймауытов ирониясы байсалды, онда әлемді жақсылыққа итермелейтін маңызды талпыныс жатыр.

Соған қарамастан, табиғатта жеке объекті пайымдау сияқты зерттеуші ойшылдар шығармасы белгіленген, сонымен бірге жоғарыда келтірілген талдау М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж.Аймауытов мұрасында адамзат бірлігінің бөлінбейтін қасиеті жоғалмаған, олардың өзара енулері қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егерде ежелгі уақытта болмаған болса, М. М. Бахтин сөзімен айтқанда позиция «сыртқарылық» және ол жағынан маңыздылықты бағалау қажетті болмайды және керемет көшпелі табиғат ерекшеліктері, онда бұл ежелгі қазақтардың табиғат сұлулығын түсінбейді дегенді білдірмейді, олар өздерін осы бірліктен ерекшелейді Бірақ та адамның табиғаттан бөлінуі М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұрасында бөлінуді белгілейді немесе адам және табиғат қатынасындағы дисгармония. Әлемде табиғат және адамзат сипатын бөлу көшпелілерде шығыс еуропалықтан ерекшеленеді. Бұнда екінші табиғат біріншісіне бағынады. Олар адамды табиғатқа қарсы қоймайды, оны одан жоғары көтермелейді, біртұтас етіп көрсетеді, гармония мен бүтіндік қатар өмір сүреді. Айтылғанда белгілі болғандай, қазақ ойшылдарының ойлауында табиғат әлемін қабылдау, бір эстетикалық сәтпен пейзаж бүлінбейді. Табиғатқа деген қатынас оның сұлулығымен ғана рахаттану әсері емес, сонымен қатар өнегелі принцип жақсы көру, жақсылық пен құрмет. Ондай тұтас әлемді көруден қазақтардың табиғатқа экологиялық таза қатынаста болуы, қатар өмір сүруге мүмкіндігі зор.

Біздің ғаламдағы замандық экологиялық мәселелердің табиғатқа деген этикалық және эстетикалық емес қатынастар бір-бірімен байланысты. Яғни табиғат бағалы болудан қалды, оны тек құрал ретінде қолданады. Табиғат деген затқа ұқсас қатынас адамдардың бір-біріне деген қатынасы тұрмыстық қатынасқа ұрындырады. Біздің көзқарасымызша, бұл мәселені әлемге деген қатынастарды өзгерту шарттары барысында ғана шешуге болады, яғни XX ғасыр басында қазақтар үшін толық өлшемде сипатта болған «әлем қандай сондай деп танудағы адам құштарлығын» [24], пайымдаушылықта жоғалған элементті ендіру болып табылады.

XX ғасырға дейін сақталған табиғаттың діни бейнесінен басқа, зерттеуші ойшылдардың мұрасында біздің белгілеп өтетініміз, осымен байланысты антропоморфты табиғат сипаттамасы. М. Ж. Көпеев көшпелі мәдени дәстүрді жалғастыра отырып, жан-жануар образы арқылы көптеген адамзаттық сипаттама береді, әсіресе ар, махаббат, жауапкершілік, дұрыстық деген сапаларға назар аудару керек. Бірақ та жоғарыланған адамзаттық өзара қатынастармен қатар ойшылдар олардың қарама-қарсы сипаттамаларын белгілейді. Оларды айқындату үшін көшпелілердің көп ғасырлық мәдени дәстүріне сай өзгертілмеген нақты бір табиғи образ пайдаланылады.

М. Ж. Көпеевтің табиғи образды таңдауы сөзсіз кездейсоқтық емес, өйткені олардың мінез - құлқы әрбір дала баласына таныс. Кейбір жануарлар мен өсімдіктерге деген пасықтық қатынас М. Ж. Көпеев мұрасында әлемде болатын олардың өмір бейнесінің адамдық тәсілі қашықтығымен ескертілген. Мұнда М. Ж. Көпеев көбінесе ақындар мен жыраулар салтына сүйенеді. Бірақ та осымен қатар бұл тек қана мінезді тізбектеу емес, табиғат әлемінде ұқсастықты іздеу. М. Ж. Көпеев адамның рухани-жан дүниелік қасиеттерін жоғалту мен шығармашылық табиғи басымдылық туралы ой туындайды. Адам екі әлемге де жататын, өзіне полярлық қарама- қайшылықтарды бірлестіретінін көрсеткісі келді. Оның ырықсыздыққа бағынышты, тірі қалуға күресі, руханилықтың табиғи жасандылығы сирек болады. С.Торайғыровта табиғаттағы эстетика аздап басқаша көрсетілген. Егер М. Ж. Көпеев адамдық қасиеттің эстетикалық тұстарын және жануарлардың жақсы және жаман образ жетіспеушіліктерін көрсеткісі келсе, онда С.Торайғыров адамның өнегелік сипатқа қарамастан уақыттың табиғи белгілеріне тәуелділігін белгілейді. Оларға қашанда қозғалыс, өзгеріс және өсуде болатын әлемдегі адамның бар болуындағы барлық деңгейлер мен жақтарын қамтитын диалектика белгіленеді.

Жаңа өмірдің пайда болуы мен бір уақытта тууына себеп болатын бұл әлемде барлығының басы мен соңы бар. С. Торайғыровтың поэтикалық жолдарындағы ең маңызды ойларының бірінде - бұл өмір және өлім тақырыбында мәңгі бақи ойлану – уақыт пен кеңістік шектері. «Адам - керуен» өлеңінде үздіксіз өмір жалғасы мен өмір мәңгі керуені ішіндегі жері өлім уақытты тұрақты алмастырумен болады. Жер дамуының құрамы мен диалектикалық мағына аша отырып, ойшылдар өмірлік және табиғи құбылыстарды контексте бүтіндей қамтиды.

Ж. Аймауытов дәстүрін С. Торайғыров жалғастыра отырып адамның табиғатқа деген өз арақатынасына бірнеше жолақты реңктер енгізді. Адам әлемі және табиғи бір тұтас негізді таба отырып, табиғат арқылы адамның жан-дүниесінің трагедиялық реңктерін ашу мен қатар, адам әлемдік күйінің көп жақты жұқа аздаған өзгешеліктерін ашты. Ұшу мен құлау, қуаныш пен қайғы оларға призма арқылы жылы және табиғаттық суық түсері қарастырылады. Ж.Аймауытов қыстың қатты ауа райы шарттарын келтіре отырып, көшпелі өмір образының қиындығы мен қазақтың қиын қыстау кездердегі кейіптерін нақты көрсетеді. Қыс, күз, суық, боран образдарымен ойшылдар қайғыны, бақытсыздық оқиғаны, әлеуметтік-тұрмыстық қозғалыс ашығу, өліммен байланыстырады. Болып жатқан трагедияны табу мұңды табиғат болып келеді. Керісінше, махаббат және қуаныш олардың ойларында көктем түсімен теңдестіріледі. Табиғат құстың сыңқылы мен шөптің еліртетін иісімен оянады. Яғни табиғи маңыздылығы сезімінің біртұтас гаммасын шақырады. Ақырын рахаттанудан бастап, мұң, жалғыздық, қайғыру сезімдеріне дейін таңдануға әкеледі. Тіпті табиғи құбылыстардың өзгеру үрдісінің Аймауытовта батырлардың тығыз байланыс сапасы негізінде қарастырады: қараңғыдан біртіндеп көшу, сұрдан ашық және жарық тондарға алмасу өз күшіне сенімділікпен ақырындап шығу болып табылады. Табиғат ойшылдардың ойлауына үнсіз бақылаушы ғана, тыңдаушы батырлардың өмір туралы ойлауын, тағдыр тәлкегін, олардың мұң мен қуанышы, жоғалтуы мен сәттіліктері бірге жүреді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, жоғарыда айтылғандарды түйіндей отырып, зерттеуші ойшылдармен кейбір акценттерді шығаруға болады. М. Ж. Көпеевтің табиғат объектісінде адамдық болмыстың жеке тұстарын ашуға және мұраларында қарапайым қауымды бүтіндей моральдық жарқыратуға мүмкіндік береді. Ойшылдардың дастандарында жануарлардың күресі, олардың өзара дауласулары – бұл өз апогеясына жеткен және қазақ қоғамының даулы нүктесі. Табиғат құбылыстары арқылы керемет және бейнесіз, жоғарылатылған және өзгеріссіз тұстары адамның бостаңдығының көріністі сипаттарын дәлелдейді, бекіту мақсатымен және оның барысында қалыптасқан адам бостандығы көрнекті түрде растау, болмысының айқын болмауы, бұл дегеніміз өмір сүруге деген жауапкершілік болып табылады. Оның метафоралық ойлауы бір жағынан, мифологиялық ойлауды көшпелі дәстүрге байланысты өзімен органикалық байланыстың нәтижесін көрсетеді, ал басқаша – онда XIX және XX ғасыр аралықтарында саяси-әлеументтік оқиғалармен шындық жасырылған. Яғни, «метафорада образ да, түсінікті мазмұн да бар. Сондықтан метафора терең болады, ал суретшінің метафоралық ойлауы шынайылық бетімен сырғанау емес, оның маңыздылығына ену» [25]. Өз кезегінде, бұл астарлы сөз белсенді қатынасты талап етеді және оның мағыналық ұстауы болатын метафорада да өте терең әлеуеттер бар, ол шығармаға терең енеді. Бұнда бейнелік ойлауға нақтылақ сипаттама беріп өту керек. Белгілі болғандай, барлық қазақ мәдениеті үшін метафоралық образдылық ойлау сипатына негіз болып келеді. К. Нұрланов белгілегендей қазақ мәдениетінде «мақал және жаңылпаш пен қатар метафоралық образдың айтарлықтай жетілуі, тәжірибелік өмірмен біріккен іс-әрекеттік мазмұндық қызметке ие болуы кең қолданыс пен қарсыласуға болмайтын дәлелдер ретінде немесе психологтардың атауынша көрсеткендей ақыл-ес компоненттерінің бірі болып келді» [26]. Сонымен қатар «бейнелік форма, өзінің бүтіндігіне сай әлемді көрсетеді және барлық толықтықта әлемдік қатынастарда, түр түсінігіне ие «жетіспеушілікпен» болады» [27]. Біздің көзқарасымызша әлем образы М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылықтарында бұлар қайталанбайтын рухани дүниеге бай өзіндік бір әлем, ол адамды тұлға ретінде қалыптастыруға әсерін тигізіп болмыстық мағынаны түсіндіруге итермелейді. «Ойлаудағы образ» ерекшілігі шығарманың автор қоғам дәуір, жеке дара қатынастың күрделі синтез екенін анықтайды. Бұл синтезде сол дәуірдің мәдени энергиясымен авторды субъективтік көзқарасқа қосылып жатыр. Яғни автордың ойлап тапқан образы өмірдегі шындық пен автордың ішкі рухани ішкі дүниесінің қосылу нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет