К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет102/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   171
Өзіндік жұмыс – оқу үрдісінің бөлігі, оқытудың әдісі, оқу-танымдық әрекеттің тәсілі, сипаты, бірізділігі, типі, тексеру формасы жоспарланған кешенді, мақсаттты оқу әрекеті.
118-суретте СӨЖ түрлері ашылды.



Сурет-118. СӨЖ түрлері

Өзіндік жұмысты басқарудағы оқытушының әрекеті төмендегідей болады:



  • жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

  • білімі мен тәжірибесін беру;

  • әрекетті ұйымдастыру;

  • өзіндік жұмысты жоспарлау;

  • оқу-әдістемелік нұсқаулар дайындау;

  • өзіндік жұмысты тексеру, формасын анықтау, т.б.

Өзіндік жұмыстың тексеру формасының болуы оны ұйымдастыра білумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысы ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік болып бөлінеді (119-сурет).



Сурет-119. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру түрлері

Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, оны ең алдымен, екіге бөліп қарастыру керек: дәрісханалық өзіндік жұмыс; дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс.


Дәрісханада орындалатын өзіндік жұмыстарға дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтар кіреді.
Ал дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй тапсырмаларын орындау, курс, диплом жұмыстарын жазу, т.б. жатады. Өзіндік жұмысты былай бөлу тиімді. Өйткені, өзіндік жұмыстың өзі дәрісті тындау және оны жазу, мәтінмен жұмыс істеу, тезис, конспект жазу, семинар сабақтарына дайындалу, үйірмелерге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты бөліктерден тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мақсаты – еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірбиелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу» деп атап көрсетілді.
120-суретте студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі ашылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет