3) Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.
4) Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз кейспен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
5) Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану
Кейс-технологиялардың негізгі кезеңдері:
1) Оқытушы әр білім алушыға оқытылатын тақырып бойынша оқу-тәрбие материалын жеке дайындап, ұсынады;
2) Тақырыпқа байланысты әрбір сұрақты білім алушылар жоспарлы және дәйекті түрде талқылайды, кейбір мәселелерді жеке, кейбіреуін топпен орындайды, жеке көмек көрсетіледі;
3) Оқытушы оқытылатын тақырыпты міндетті түрде қорытады, кемшіліктерді анықтайды, зерделейді, түсініксіз сұрақтарға жауап береді, жояды;
4) Өтілген бөлім, не тақырыпқа диагностика жасалады.
115-суретте кейс-технологиясының артықшылықтары берілді.
Сурет-115. Кейс-технологиясының артықшылықтары
Кейс-технологиясы білім алушыға оқу-әдістемелік кешен түрінде берілген ақпараттық білім ресурстарын әртүрлі ақпарат тасымалдауыштарды қолданып өз бетімен кейстер пайдалана алуға мүмкіндік береді.
«Миға шабуыл» әдісі – қисынды және қисынсыз сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты, жаңа ақпаратты меңгерту әдісі; қойылған сұраққа кез келген студент өз ойын білдіртіп, жауап ала алатын әдіс. Маңыздысы: «Әрбір пікір құнды!». Бұл әдісті пайдаланғанда студенттердің білдірген көзқарастарына, айтылған жауаптарына, түйген қорытынды ойларына, ортаға салған сын-пікірлеріне ерекше мән беріледі. Әрбір қойылған сұраққа тынғылықты жауап алынады. Әрбір сұрақ нақтыланады, ал жауап негізгі тұжырымдамалармен дәлелденеді, нақтыланады, түсініктеме беріледі, мысалдар келтіріледі.
«Миға шабуыл» белгілі бір тақырыпты немесе сұрақты студенттердің қалай меңгергендіктерін анықтау қажет болған жағдайда қолданылады ( 116-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |