К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Тәрбие мен қарым-қатынастың байланыстылық заңдылығы



бет124/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Тәрбие мен қарым-қатынастың байланыстылық заңдылығы Тәрбиенің оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерімен байланыстылық заңдылығы. Жас ерекшеліктері оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын жасағанда, тұлғаның дене және психикалық дамуына байланысты оқу-тәрбие процесінде ескеріледі.
Тәрбие мен іс-әрекеттің байланыстылық заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру, ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық-саяси іс - әрекеттерімен байланысты.
Тәрбиенің ұжым мен жеке тұлға арасындағы өзара байланысқа тәуелділік заңдылығы. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы шешуші рөл атқарады (150-сурет).

Сурет-150. Тәрбие заңдылықтары


Принцип дегеніміз - адамның нақты іс -әрекетінде өзібасшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады .
Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін есепке алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет