К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет16/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   171
3

Мүмкіндіктері

  • Білім беру жүйесіне мемлекеттің назары

  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

  • Халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білім мен ғылымды инвестициялық қолдау

  • Халықаралық гранттар мен бағдарламалар бойынша оқыту

  • Жергілікті бюджет қаражатынан жоғары білімді қаржыландыру

  • 6) Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейту

4

Қауіптер



  • Бірқатар өңірлерде NEET жастарының жоғары үлесі

  • Таланттылардың елден кетуі

  • Білім берудің жаһандануы салдарынан бәсекелестіктің өсуі

  • IT дамуына байланысты күндізгі оқыту қажеттілігін төмендету

  • Еңбек ресурстарының теңгерімсіздігі

  • Қоғамдық тетіктер мен азаматтық қоғам институттарының қалыптаспауы

  • Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі стейкхолдерлердің пассивтілігі

  • Шетелдік студенттер үшін қазақстандық білім берудің тартымсыздығы

  • Кәсіптік қоғамдастықтың білім беру процесіне қатысуға және мамандарды сертификаттауға дайын болмауы

  • Ресейлік жоғары және орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары және басқа бәсекелестер тарапынан белсенді бәсекелестік

  • Кадрлардың басқа салаларға кетуі


Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге/ бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды. Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды.
2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды. Жоғары оқу орындарының желісі саны 139 ( 6- кесте).
Осылайша, жеке меншік формасындағы ЖОО саны мемлекеттік ЖОО санынан 2 есе артық. 2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген. Жоғары білім беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының қатаңдағанымен түсіндіре аламыз.
Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау үдерісі орталықсыздандырылып, ЖОО басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге тырысады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны болып табылады. Алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет