К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет24/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Эксперимент әдісі – арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес зерттелетін процестің барысына белсенді, әрі мақсатты түрде араласу.
Жоғары мектеп педагогикасы ғылымында эксперимент әдісінің екі түрі кездеседі: қалыпты эксперимент (оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады); зертханалық эксперимент (белгілі топты бөлу арқылы жасалады).
19-суретте эксперимент әдісінің артықшылықтары берілді.



Сурет-19. Эксперименттің негізгі ерекшеліктері
1.3 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі


Оқытушы білім беру процесінің субъектісі ретінде. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби маңызды қасиеттері. С.И.Ожеговтың сөздігінде «Педагог – бұл біреудің тәрбиесімен айналысатын, адамды тұлғалық жағынан дамытуға бағытталған адам» деген анықтама береді.
Педагог – өз кәсібін, өз пәнін, шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін маман (20-сурет).

Сурет-20. «Педагог»ұғымының мәні

Е.Н.Волкова бойынша педагогтың субьект ретінде құрылымы: белсенділік, рефлексияға қабілеттілік, таңдау құқығы, жауапкершілік, тек өзіне тән қабілеттерді түйсінуі, басқаны қабылдауы және түсінуі, өзін-өзі дамытуы.


Субьективтік - адамның әлемге және өз-өзіне деген саналы және іс-әрекеттік қатынасы арқылы әлемді және адамдарды өзара байланыста өзгертетін адамның тұлғалық қасиеті. Бұл қасиеттің негізіне адамның өзіне әрекет жасаушы ретінде қарауы жатады.
Субьективтік - адамның кәсіби қабілетінің көрсеткіші ретінде танылады және кәсіби талаптардың жоғары деңгейде орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей негізгі қасиеттерді кіргізуге болады: балаға деген шексіз сүйіспеншілік; деонтологиялық парыз, педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылаушылдық қабілеттілігі; педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы; педагогикалық рефлексия, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы; оңтайлы қарым-қатынас жасай алуы; ұжымшылдық; шығармашылық және т.б. ( 21-сурет).
А.К.Маркова атап көрсеткендей, «кәсіп – бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы ».







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет