Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың мегатенденциялары:
1) Білім беру гуманизациясы. Білім гуманизациясы тұлғалық тұспалданған оқыту, деңгейлік және бейіндік жіктелу, білім берудің жекелігі мен оқу және кәсіптік бағдары арқылы жүзеге асырылады.
2) Жоғары білім беру гуманизациясы:
-ЖОО бітірушілерінің кәсіби және жалпы мәдени дайындық интеграциясына олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, білім беру руханиятын қайта жандандыру тұтастығында;
-таңдауы көп элективті курстардың оқу жоспарларын блок бойынша жасау кезінде, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі, тереңдетілген кәсіпқой мамандану мүмкіндігінің кең түрдегі спектрі;
-оқу процесіне оқудың ашық жүйелерін енгізуде, жеке бағдарламалар бойынша студенттерді оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың әрқайсысына өзінің білімі мен кәсіби қабілеттеріне барынша толық сәйкес келетін білім траекториясын құруға мүмкіндік береді.
3) Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден (ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді.
Жаһанданумен байланысты, бірыңғай кедендік кеңістік, визасыз алмастыру, бірыңғай жүйесін орнату, Еуропалық Одақ азаматтары үшін ЕО-қа кіретін, кез келген елде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін ашты.
4) Білімді демократияландыру барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдығын, білім алуға әрбір адамның құқығын жүзеге асыру мақсатында педагогтар мен білім алушыларға академиялық еркіндік беру.
5) Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрдепайдаланумен, ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау мультимедиасы арқылы көрінеді.
6) Білім фундаментализациясы білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз етуге негізделген. Фундаментализация білім мазмұнының ядросын қысқартуға, базистік компоненттерге оқытуға әкеледі, халықаралық негіздегі білім мазмұнын модульдік.
7) Білім беру технологизациясы білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдаланумен және жастарда технологиялық сауаттылық пен құзіреттілік қалыптастыра отырып, оларды продуктивтік және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамытуды білдіреді. Оқу мекемелерінде оқытудың ең жаңа технологиялары кең түрде пайдаланылады, оқытудың жобалық әдісі енгізіледі, мұғалімдер мен оқытушылардың технологиялық мәдениетінің деңгейі артуда ( 2-сурет).