К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет94/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   171
Оқытудың инновациялық әдістері, технологиясы және формалары: миға шабуыл әдісі, кейс-стади, жобалау әдісі, «swot-талдау», «матрица идеясы» және т.б. Қашықтықтан және аралас оқыту.
Инновациялық әдістердің негізгілерінің бірі – интербелсенді оқыту әдісі. Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 
Интербелсенді оқыту – өзара әрекеттесу, үйрену мен үйрету арқылы білімді меңгертуге және нақты нәтиже алуға бағытталған оқыту әдістемесі. Интербелсенді оқыту мұғалім мен оқушының оңтайлы, тиімді қарым – қатынасына негізделіп, үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуіне құрылады.
«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші – өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады. 
109-суретте оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылықтары беріледі.


Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы: 



Сурет-109. Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы 


Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады. 
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет