Параметрлік талдаулар білім беру процесі ақпараттары негізінде
байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары
сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік
талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық
педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық талдаупедагогикалық процестердің өзіндік компоненттері
бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты,
қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді.
Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша
жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі
бойынша жүргізіледі.