Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге
бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да
талдауға көңіл бөлуі қажет.
Аспектілі талдауда сабақтың бір аспектісіне назар аударылады: 1) Сабақтың мақсаты.
2) Сабақтың құрылымы және ұйымдастырылуы.
3) Сабақтың мазмұны.
4) Сабақта оқытушының іс -әрекеті.
5) Үй тапсырмасы.
6) Сабақтың санитарлық -гигиеналық талаптары.
7) Сабақтың психологиялық аспектілері.
Сабақты толық талдау: 1) Сабақ мақсатының негізділігі және дұрыстығы.
2) Бағдарламалық талаптар.
3) Материалдар мазмұны.
4) Қажетті білімдер деңгейі және қатысушылардың іскерлігі.
5) Сол тақырыпқа байланысты сабақ жүйесіндегі сабақ орны.
6) Сыныптың даярлығы.
7) Оқытудың соңғы нәтижесін бағалау.
Құрылымдық талдау барлық талдаулардың негізі болып табылады
және қысқаша талдаудың артынша жүргізіледі. Ол сабақ элементтері
арасындағы логикалық байланысты және сабақтың құрылымының байланысын
анықтайды және сабақтың басым кезеңдерін бөліп қарастырады.
Талдау аспектілеріқұрылымдық талдау негізінде пайда болады.