141
тәуелділік жүйесін жүзеге асырудағы басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық
жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету
мәселелері басты мәнге ие болады.
48-суретте ұйымдастыру жоспарының құрылымы берілді.
Білім беру жүйесінің иерархиялық құрылымының әрбір элементінде,
министрлік болсын, облыстық, аудандық басқарушы орган (департаменттер,
білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде тек педагогикалық
қана емес әкімшілік, шаруашылық, құқықтық басқарулар болады.
Жалпы басқару – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа
сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы
ақпарат негізінде талдау жасау, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті.
Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: