К. Д. Бузаубакова


-  ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін;  -



Pdf көрінісі
бет193/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   446

ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін; 

кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуаты; 

оқу жылының дәстүрлі мерекелерін; 

ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды; 

ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды; 

мектептің дәстүрін; 

педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың ұсыныстары. 
Бұл міндеттерді шешу балалар іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік береді. Іс-
әрекет  кезінде  қарым-қатынас,  салауатты  өмір  арқылы  тәрбиеші  дене  және 
рухани-адамгершілік  тәрбиені  қалыптастырып,  әрбір  тұлғаның  дамуына 
септігін тигізеді.   
Е.В.Бондаревскаяның 
тұжырымдамасы 
бойынша 
оқушыларды 
тәрбиелеуде мектептердің алдында төмендегідей маңызды міндеттер қойылады: 
-  жастардың  философиялық  ғылыми  дүниетанымын  дамыту,  қоғамдағы 
әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін түсінуге 
көмектесу, өмірге қарым-қатынасын қалыптастыру; 
-  жалпыадамзаттық мәдени байлық мұраны пайдалана білуге баулу; 
- әрбір баланың табиғи нышанын дамытып, шығармашылық қабілеттерін 
жетілдіру; 
- жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларын қалыптастыру; 


150 
 
-  өз-өзіне  баға  беруге,  басқаруға,  сыйлауға,  ішкі  дүние  еркіндігіне 
тәрбиелеу; 
-  заңды  құрметтеуге,  ұжымдық  өмір  нормаларына,  азаматтық  және 
әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу; 
-  өмірдің  жоғары  бағалылығы  ретінде  еңбекке,  қарым-қатынасқа 
тәрбиелеу,  шығармашылық  еңбекке  қажеттілікті  дамыту,  іскерлік  қарым-
қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
-  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу,  бақытты  өмір  сүріп,  жақсы  отбасы 
басшысы болуға баулу. 
Сынып  жетекшісінің  тәрбиелік  жұмыс  жоспары  –  міндетті  педагогтік 
құжат.  Жоспарды  оқу  жылы  басталар  алдында  мектеп  директоры  бекітеді. 
Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек? 
Біріншіден,  балалардың  жасын,  сынып  ұжымының  даму  деңгейін, 
тәрбиелеу  шарттарын  (қалалар  мен  ауылдар,  нақты  аймақ  мүмкіндіктеріне, 
мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтер ұжымының мүмкіндігін 
ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек. 
Екіншіден,  балалар  мен  сынып  ұжымын  (олардың  түсініктері  мен 
ұғымдарын, 
икемділіктері 
мен 
қажеттіліктерін, 
даму 
деңгейлерін, 
байланыстары  мен  қарым-қатынастарын,  т.б.),  сондай-ақ  өмірбаяндары  мен 
отбасындағы  тәрбиелерін,  оқу-тәрбиелік  процесс  барысының  жағдайын 
зерттеуі тиіс. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады: 
1)  психологиялық-педагогикалық  зерттеудің  әртүрлі  әдістемелерін, 
диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы; 
2)  бастапқы  күндерден  бастап  сынып  жетекшісінің  жұмыстары:  «Білім 
күні»,  «Жексенбілік  жорық»,  «Танысу  күні»,  «Алғашқы    ата-аналар 
жиналысы»,  «Сенбілік  таңы»  және  т.б.  шаралар  жүргізу.  Бұл  шаралардың 
барлығы  балаларды,  оқушылар  ұжымы  мен  ата-аналарды  жақсырақ  білуге 
көмектеседі. 
Үшіншіден,  оқушыларды  жоспарлауға  қатыстыру.  Оның  формалары: 
сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (оқушылардан сұрақтарға жазбаша 
жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет