К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет194/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   446
Төртіншіден,  алда  тұрған  оқу  жылы  күнтізбесінің  атаулы  күндерін 
зерттеу. 
Бесіншіден,  барлық  оқу  пәндерін  тереңдете  оқуға  көмектесетін 
экскурсиялар,  мұражайларға,  көрмелерге  бару,  пәндік  апталар,  онкүндіктер 
өткізу, т.б. қажеттігін анықтау. 
 Сынып  жетекшісі  тәрбие  жұмысын  жоспарлауда  төмендегі  принциптер 
жиынтығын ескеруі  қажет: 
1) Мақсат. 
2) Оқушылардың жас ерекшеліктері. 
3) Сынып ұжымының қызығушылықтары. 
4)  Жоспарланатын істің жүйелігі. 
5) Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану. 
6) Жоспарлаудың шығармашылық сипаты. 


151 
 
Сыныптағы  тәрбие  жұмысын  жоспарлауда  оқушылар  қатыстырылып 
және  әртүрлі  формада  іске  асырылуы  қажет.  Мысалы:  «Пайдалы  істер 
барлауы», «Ақыл-ойға шабуыл», «Пайдалы істер аукционы», «Жоспар жобасын 
қорғау».  Ата-аналар  ұжымы  да  жоспарлауға  қатыстырылып,  балалармен  бірге 
өткізілетін іс-шараларды ойластырады.  
Сынып  жетекшісінің  перспективалық  және  күнделікті  тәрбие  жоспары 
болады. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс 
жоспары  жасалады.  Перспективалық жоспарды  түрлі  бағытта  жасауға  болады. 
 
Мысалы: 
1) Сынып оқушыларына мінездеме. 
2) Тәрбиелік міндеттер. 
3) Саяси мәдениетін қалыптастыру. 
4) Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. 
5) Ұлттық мінез-құлық пен әдет- ғұрып негізінде тәрбиелеу. 
6) Халықтық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеу. 
7) Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру. 
8) Өз  еліне,  атамекеніне  сүйіспеншілік  және  халықтардың  достастығын 
құрметтеуге тәрбиелеу. 
9) Еңбекке, іскерлікке баулу. 
10) Әсемдікке тәрбиелеу. 
11) Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие. 
12) Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет