Сурет-52. Құзыреттілік ұғымының мәні Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін О.А.Абдулина, Ю.К.Бабанский,
В.В.Краевский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов, Б.Г.Гершунский, М.Н.Сарыбеков,
Ш. Т.Таубаева және т.б. ғалымдар зерттеді.
53-суретте нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі құзыреттілік
ұғымының мәні ашылды.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның кәсіби және даралық
қасиеттерімен сипатталады:
- іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейі;
- көзделінген іскерлік, дағды, қабілетті меңгеруі;
- педагогикалық іс-әрекетке жаңаша көзқарас;
- инновациялық технологияны меңгеруі;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік іскерлігі;
- шығармашылық шеберлігі;
- ізденушілік іс-әрекеті.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің
біліктілігін, іскерлігін – құзыреттілігін қажет етеді. Біліктілік, жалпы алғанда,
маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол
өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді. Ал, құзыреттілік – тәжірибеде
көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық
пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі.
Білім, білік, дағды (іс-әрекет)
Субъект
Құзырлық (іс-әрекеттің меңгерілген әдістері)
Өзін-өзі басқару