Сурет-53. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі Кәсіби құзыреттіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік
арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және
педагогикалық міндетті шешуге бағытталған іс-қимыл арқылы шешіледі.
Ғалымдар кәсіби тұлғаны, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсіби
біліктілік, ұстаздық шеберлік ұғымдарымен бірлікте қарастырады:
1) тұлғалық - адамгершілік бағдар;
2) педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда
жүйелі іс-әрекет жасау;
3) заманауи технологияны меңгеру.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге
асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық
дайындығының бірлігі.
Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша)