К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет273/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Педагогикалық 
ұжымдағы 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуал. 
Ұжымдағы    көңіл-күй    мен    қоғамдық    пікір,  эмоциялық  күш-қуат  пен  өзара 
қатынастың  деңгейі  ондағы  қалыптасқан  әлеуметтік-психологиялық  ахуалмен 
айқындалады.  «Психологиялық  ахуал»,  «әлеуметтік-психологиялық  ахуал» 
немесе  «микроахуал»  ұғымдары  ғылыми  емес,  астарлы,  ауыспалы  ұғымдар. 
Географиялық  ахуал  сияқты  мамыражай  әлеуметтік-психологиялық  ахуал 
адамның  осындай  ахуалдағы  ұжымда  өзін  барынша  жайлы  сезініп,  тұлғалық 
және кәсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. 
 Ұжымдағы  психологиялық  ахуалдың  мазмұндық  сипатын  адамдардың 
өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс 
процесіне  көңілі  толуын  айқындайтын  болғандықтан  психологиялық  ахуалды 
сипаттауда  эмоциялық  бағаның  маңызы  зор.  Жағымды  әлеуметтік-
психологиялық  ахуал  қалыптасқан  педагогикалық  ұжым  қолайлы  моральдық-
психологиялық 
ауа-райымен, 
жылы 
шырайлылықпен, 
парыз 
бен 
жауапкершілікті 
құрметтеумен, 
өзара 
талапшылдықпен, 
сергектікпен 
ерекшеленеді.  Сондықтан  да  А.С.Макаренко  ұжымдағы  өзара  қатынастағы 
сергек көңілді  екпінге баса мән берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет