К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет269/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   446
Педагог-шебер
Педагог-зерттеуші
Педагог-сарапшы
Педагог-модератор
Педагог


215 
 
-  орта  кәсіптік  (техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі)  оқу 
орнын  «үздік»  бітірген  және  кемінде  бір  жыл  педгогикалық  еңбек  өтілі  бар 
тұлғалар; 
-  бейіндік пән бойынша спорт шеберлігіне үміткерлер болып табылатын 
тұлғалар. 
      2) «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына
-  аудандық/қалалық 
деңгейдегі 
пәндік 
олимпиадалардың, 
шығармашылық,  кәсіби  жарыстардың,  спорттық  жарыстардың  жеңімпаздарын 
дайындаған тұлғалар; 
-  кәсіби  жарыстардың,  аудандық/қалалық  деңгейдегі  педагогикалық 
олимпиадалардың жеңімпаздары, болып табылатын тұлғалар; 
-  облыс 
деңгейінде 
өздерінің 
педагогикалық 
тәжірибелерін 
қорытындылаған тұлғалар; 
-  «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылатын тұлғалар; 
-  ғылым кандидаты/докторы дәрежесі бар тұлғалар; 
-  ағылшын  тілін  B2  деңгейінен  (CEFR  шкаласы  бойынша)  төмен  емес 
деңгейде меңгерген, пәндерді ағылшын тілінде оқытатын тұлғалар; 
-  білім  беру  ұйымына  жоғары  оқу  орнынан  педагогикалық  қызметке 
ауысқан және кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар адамдар; 
-  бейіндік  пән  бойынша  халықаралық  спорт  шебері  болып  табылатын 
адамдар. 
      3) «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына
-  облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық, кәсіби 
жарыстардың,  ғылыми  немесе  спорттық  жарыстардың  жеңімпаздарын  немесе 
республикалық  немесе  халықаралық  деңгейдегі  қатысушыларды  дайындаған 
тұлғалар; 
-  білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес кәсіптік 
конкурстардың,  облыстық  деңгейдегі  педагогикалық  олимпиадалардың 
жеңімпаздары  немесе  республикалық  немесе  халықаралық  деңгейдегі 
қатысушылары болып табылатын тұлғалар; 
-  республикалық 
деңгейде  өздерінің  педагогикалық  тәжірибесін 
жинақтаған тұлғалар; 
-  ғылым кандидаты/докторы дәрежесі бар адамдар және кемінде бес жыл 
педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар. 
     4) «Педагог-шебер» біліктілік санатына: 
-  республикалық  деңгейдегі  пәндік  олимпиадалардың,  шығармашылық, 
кәсіби  жарыстардың,  спорттық  жарыстардың  жеңімпаздарын  немесе 
халықаралық деңгейдегі қатысушыларын дайындаған тұлғалар; 
-  білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес кәсіптік 
конкурстардың,  республикалық  деңгейдегі  педагогикалық  олимпиадалардың 
жеңімпаздары  немесе  халықаралық  деңгейдегі  қатысушылары  болып 
табылатын тұлғалар; 


216 
 
-  өздерінің 
педагогикалық  тәжірибелерін  халықаралық  деңгейде 
жинақтаған, педагогикалық практикада ғылыми негізделген әдістерді, авторлық 
оқыту және тәрбиелеу технологиясын жүйелі түрде қолданатын тұлғалар. 
       Ұлттық біліктілік тестілеуі жүз тест тапсырмасынан тұрады: 
      1) «Оқу пәнінің мазмұны» – жетпіс тапсырма; 
      2) «Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма. 
       Бастауыш  білім  беретін  педагогтер  мына  пәндер  бойынша  тест 
тапсырады: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), математика. 
Ұлттық біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты – 200 минут, «Математика», 
«Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – екі жүз отыз минут. 
 Ұлттық  біліктілік  тестілеуін  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органның 
шешімі бойынша қағаз және электрондық форматта өткізіледі. 
 Ұлттық біліктілік тестілеуі аттестатталушы адамдардың қалауы бойынша 
өтінім берген кезде белгіленген тілде өткізіледі. 
«Педагог-модератор»    екінші  санаттағы  мұғалімге    сәйкес  келсе, 
«педагог-сарапшы»    бірінші    санаттағы  мұғалімге    сәйкес  келеді,  «педагог-
зерттеуші»  және «педагог-шебер»  жоғары  санаттағы мұғалімге сәйкес келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет