234
Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу – тұйық теледидар желісі
және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.
Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және
мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын
бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін
бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен
мұғалімдердің бір-бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы олардың бөтен біреулер
бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады.
Достарыңызбен бөлісу: