Тұлғаны ынталандыру принципі. Мұғалімнің, оқушының әрбір іс-
әрекетін ынталандыру қажет. Себебі мұғалімге әрі материалдық, әрі моральдық
жағынан ынталандыру ауадай қажет. Мұғалім өз еңбегінің әділ бағалауын
көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Мұғалім
жұмысты ерекше ыждахатпен істейді, табысты еңбек етуге тырысады.
Мұғалімді ынталандыру принципі – санаға жетудің бірден бір құралы. Мекеме өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша жұмыстың
жүйесін жасап, оны жүзеге асыруды білсе, әрбір қызметкерге өзін-өзі
238
жетілдіруге жағдай жасауы керек. Мекемеге тек қана жақсы жұмысшылар ғана
керек емес, оған өз білімімен өзін-өзі жетілдіру арқылы өсетін жұмысшылар
керек.