К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет318/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Құндылық  –  тәрбие  мен  оқытудағы  адамгершілікке  бағытталған 
мұраттар.  Оларға  шындық,  қайырымдылық,  ізгілік,  еркіндік,  махаббат, 
шығармашылық жатады.  
Құндылықтар  –  тек  обьективті,  яғни  шынайы  бола  алады. 
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. 
Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді. 
Білім  берудегі  құндылық  бағдар  –  сезім  мен  ақыл-ойға  тең  дәрежеде 
сүйену.  Осы  тепе-теңдіктің  болмауынан  білім  жүйесінде  сыңар  жақты 
педагогикалық  көзқарастар  орын  алып  келгелі  белгілі.  Сондықтан  да 
мектептерде  құндылық-бағдарлы  тәрбие  үлгісін  ұстанып,  оны  өмірге  ендіру 
көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады. 
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар: 
-  тәрбиеге  жалпы  адамзаттық  мәдениет  тұрғысынан  педагогикалық 
көзқарас қалыптастыру; 
-  педагогикалық  процес  барысында  жалпыадамзаттық  мәдениетке  енуді 
педагогикалық түсінік негізінде игеру; 
-  тәрбие процесінің мазмұнын анықтауда адамдар үшін  өмірге лайықты 
құндылықтар  жүйесін  белгілеу,  ал  білім  мен  білікті  –  адамның  дүниеге 
қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау. 
-  баланың бүкіл өмірін тәрбиелік процеске айналдыру; 
-  баланың  даму  деңгейіне  лайықты  өмірлік  мәселелерді  сатылы  түрде 
анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру. 
Тәрбиедегі  басты  мәселе  –  балалардың  тұлғааралық  қатынасын  дамыту, 
өз  құрбы-құрдастарымен,  отбасы  мүшелерімен  қарым-қатынасын  жасай  білу; 
ол  үшін  өзге  адамдарды  түсінуі,  қабылдауы,  өзінің  көңіл-күйі,  атқарған  іс-
әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.  


251 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет