К. Д. Бузаубакова


Басқарудың  негізгі  элементтерінің  сипаттамалары:  мақсаты



Pdf көрінісі
бет317/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Басқарудың  негізгі  элементтерінің  сипаттамалары:  мақсаты, 
құралдары,  білім  беру    процесі.  Адами  ресурстардың  құндылығы.  Қазіргі 
заманғы  12  жылдыққа  өтудегі  тәрбие  жұмысының  мәні  –  жедел  дамып  келе 
жатқан  ортада  өмір  сүруге  қабілетті,  өзін-өзі  дамытуға,  өз  ойын  еркін  айта 
білуге,  өз  қалаулары  мен  қоғам  талабына  сай,  өзін  көрсете  білетін  жоғары 
білімді,  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  және  әлемдік 
мәдениетті  меңгерген,  бәсекеге  қабілетті,  шығармашылығы  дамыған  жеке 
тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: 
- тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту; 
- құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту; 
- оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу; 
-  мақсат-мүдделері  мен  шығармашылық  қабілеттерінің  байқалуы  мен 
қалыптасуына жағдай жасау. 
Бұл  мақсат,  міндеттерді  іске  асыру  үшін  тәрбие  жүйесі  тұлғаны 
әлеуметтендіру  идеяларын  іске  асыра  отырып,  оқытудың  жаңа  әдістерін 
(технологиясын),  жеке  тұлғалық  қасиеттерге  бағытталған  оқытуды,  зерттеу, 
жобалау  әдістерін,  денсаулық  сақтаушы  әдісін  қолдана  отырып,  тәрбие 
жұмысын  ұйымдастыру  қажет.  Осы  әдістерді,  технологияларды  іске  асыру 
нәтижесінде 
мектептің 
түлек 
тұлғасында 
төмендегідей 
жетістіктер 
қалыптасатын болады: 
- оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға, 
қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады; 
-  жеке  ерекшеліктері  ескерілген  оқу-тәрбие  берген  нәтижелері  түріндегі 
құзыреттіліктер жиынтығы игереді; 
- өзін-өзі дамыту, өзін-өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі. 


250 
 
12  жылдық  мерзіммен  оқытатын  тәрбие  беру  мазмұндағы  әрбір 
оқушының  жеке  ерекшеліктері  ескерілген  нәтижелер  түріндегі  құзіреттіліктер 
жиынтығы түзіледі. Ол құзыреттіліктер: 

мәселені шешу құзыреттілігі; 

ақпараттылық құзыреттілік; 

коммункативтік құзыреттілік. 
Негізгі  құзыреттіліктер  түріндегі  күтілетін  нәтижелер  осы  тұрғыда  болу 
керек.  12  жылдық  оқытудағы  тәрбие  жүйесі  –  жеке  тұлғаны  әлеуметтендіру 
процесін  реттеу  мен  әлеуметтік  рөлін  игеруге  ықпал  жасайды.  Тұлғаны 
әлеуметтендіру  –  мәдени  элементтерді  түсіндіру,  мұраттар  мен  құндылықты 
игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. 
Бүгінгі  қоғам  алдында  тұрған  ең  жауапты  міндет  –  тәуелсіз 
мемлекетіміздің  уығы  боп  қадалатын  қоғам  мүшелерін,  яғни  жас  ұрпақты 
адамгершілік  қасиетке  тәрбиелеу,  тиянақты  білім  беру.  Адам  бойында 
ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра 
алмайды.  Сондықтан  тұлғаға  айналдыру  үшін  құндылық    бағдарлы  тәрбиенің 
маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет