Сурет-81. Педагогикалық қақтығыстар түрлері Қақтығыстық педагогикалық жағдаятты шешудің бірінші шарты – оны
педагогтың көре білуі, пайда болу және даму себебін анықтау, оған дұрыс баға
беруі. Қақтығыстың пайда болу себебін анықтамау оның өршіп кетуіне әкеледі
әрі оны шешу мұғалімге қиындық тудырады. Қақтығысты тудыратын бірінші себеп – келіспеушілік, риза болмау. Оған себеп – оқушы мен педагог
арасындағы қайшылықтардың болуында, пікірлерінің үйлеспеуі (82-сурет).
Педагог қиналады, ренжиді, ал балалар оны тыңдамайды, бағынбайды,
оған ыза болған педагог әртүрлі келеңсіз әрекеттерге барады. Нәтижесінде екі
жақ та жағымсыз түрге еніп, адамгершілік қасиеттерін жоғалта бастайды.
Осындай бір-біріне деген өшпенділік әрекеттер жанжалдың ең шарықтау
шегіне жетеді. Демек, бұл шиеленісті жағдаятқа педагог уақытында көңіл
бөлмеген, мән бермеген. Жанжалдың шиеленіскен бұл формасы – педагогтің
оқушымен байланысын, қарым-қатынасын түзейтін жол.
«Шиеленісті тәрбие» оқушылардың пікірімен санаспайтын әкімшілдік
билік бар жерде пайда болады. Соның нәтижесінде оқушы мен педагог
арасындағы қарым-қатынас өзінің мәнін жоғалтады: бір субъект екінші