К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет375/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

карама-қайшылықтын 
шиеленісіп 
кетуі 
ретінде 
қарастырады. 
 
Педагогикалық  ұжымда  пайда  болатын  келіспеушіліктер  өз  табиғатында 
тұлғааралық  келіспеушілік  болып  табылады.  Ондай  жағдайда  адамдар  іс-
әрекеттің  мақсатына  келіспейді  немесе  оған  қол  жеткізудің  әдістері  мен 
құралдары туралы әртүрлі пікірде болады. 
Келіспеушіліктер  әртүрлі  себептердің  салдары  болуы  мүмкін. 
Педагогикалық 
ұжымдағы 
тұлғааралык 
келіспеушіліктер 
бірлескен 
педагогикалық  әрекет  процесінде  орныққан  өзара  байланыстың  бұзылуына 
байланысты  туындайды.  Ол  педагогикалық  қызметке  байланысты  мұғалімдер, 
басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін. 


284 
 
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын 
бөліп көрсетуге болады.  
Бірінші  топ  –  кәсіптік-педагогикалық  әрекетті  максатқа  жетуге  кедергі 
келтіретін,  іскерлік  байланыстардың  бұзылуынан  туындайтын  кәсіптік 
келіспеушіліктер.  Бұндай  келіспеушіліктер  жұмыстағы  ынтасыздықтан, 
мұғалімдердің  әрекет  мақсатын  түсінбеуінен  және  өз  ісін  жете  білмеуінен 
туындайды.  
Екінші  топ  –  педагог  мінез-құлқының  өзара  қатынас  нормаларына  сай 
келмеуіне,  сол  сияқты  мінез-құлық  пен  іс-әрекеттің  ұжым  мүшелерінің  бір-
бірінен  күткен  талаптарына  сай  келмеуінен  туындайды.  Ол  педагогтың  өз 
әріптестеріне  және  оқушыларға  көрсеткен  әдепсіздігі,  кәсіптік  этика 
нормаларының  бұзылуы,  ұжым  талабын  орындамау  және  т.б.  түрінде  көрініс 
береді.  
Үшінші  топ  –  педагогикалық  процестерге  қатысушылардың  мінез  бен 
темперамент  ерекшеліктері  негізінде  тұлғалық  сәйкессіздіктен  туындайтын 
келіспеушіліктер.  Бұл  топты  негізінен  ұстамдылық,  өзіне  деген  бағасы  мен 
пікірінің  аса  жоғары  болуы,  эмоциялық  тұрақсыздығы,  шамадан  тыс 
өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет