К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет7/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   446
Басқару 
туралы 
ғылымның 
дамуы, 
басқару 
ой-пікірінің 
эволюциясы: 
менеджменттің 
шетелдік 
теориялары 
мен 
тұжырымдамалары.  «Менеджмент»  терминінің  анықтамасын  көптеген 
авторлар 
атап 
айтсақ, 
А.Мескон, 
М.Альберт, 
Ф.Хедоури 
өз 
тұжырымдамаларында    төмендегідей    ұсынады:  менеджмент  –  бұл  басқа 
адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған 
мақсаттарға жете білу ептілігі. 
«Менеджмент»  түсінігінің  мазмұны  әр  алуан,  терең  және  төмендегідей 
аспектілерде қарастырылады: 
-  басқару  туралы  ғылым,  ұйым  мақсаттарының  ең  тиімді  жетістіктеріне 
ықпал  ететін  жаңа  көзқарастардың,  әдістердің,  технологиялардың  ғылыми 
ізденісі аясында іске асады; 
-  белгілі  нәтижелерді,  кәсіпкерлік  қызмет  барысында  пайда  алуға 
бағытталған фирмамен тәжірибелік басқару ретінде; 
-  процесс  ретінде,  яғни  бөлек  әрекет  немесе  операция  емес,  бірақ  ұзақ, 
кезеңдік қызмет; 
-  өзіне  белгілі  жиынтықты,  фирма  бөлімшелерінің,  сондай-ақ  басқару 
субъектілерінің  құрылымын  енгізетін  басқару  ұйымы  ретінде.    (Жалпы 
айтқанда,  менеджмент  бойынша  әдебиеттерде  басқару  субъектілері  деп  тек 
басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар 
да танылады); 
-  басқару 
аппаратының 
әртүрлі 
деңгейлері 
ретінде. 
Басқару 
проблемалары бойынша әдебиеттерде ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, 
жоғары  басшылықты  белгілейтін  «топ-менеджмент»  деген  термин  кеңінен 
таралды.  
В.П.Симонов  педагогикалық  менеджментті  оқу-тәрбие    процесін 
басқарудағы  қағидаттар,  әдістер,  ұйымдастыру  нысандары  мен  технологиялық 
амалдар  кешені  ретінде  анықтайды.  Педагогикалық  менеджмент  нақты 
мұғалімнің 
басқарушылық 
қызметі 
жаңа 
әлеуметтік-педагогикалық 
жағдайларда  өмір  сүруге  дайын  баланың  жеке  басын  дамыту  мақсаттарына 
бағытталады  деп  біржақты  таяз  түсіну  қалыптасқан,  оның  барысында  педагог 
келесілерді жүзеге асырады: 
- басқаратын  объектінің  қалпын  өзгерту  бойынша  шешім  қабылдау  үшін 
ақпаратты түрлендіру; 
- оқу-тәрбие  процесін  қағидаттар,  әдістер,  құралдар  мен  нысандардың 
өзара байланысты жүйесіндей басқару; 
- оқушылардың  еңбегін,  зиятын,  уәждері  мен  қажеттіліктерін  пайдалана 
отырып, қойған мақсаттарға жету; 


11 
 
- білім 
беру  тұжырымдамалары  негізінде  қабылданатын,  жүзеге 
асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу-тәрбие мақсаттарына 
жету процестерін ұйымдастыру және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет