К. Д. Бузаубакова


«Білім  берудегі  менеджмент»  пәнінің



Pdf көрінісі
бет4/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   446
  «Білім  берудегі  менеджмент»  пәнінің        мақсаты    болашақ  педагогтің 
мектептің  тұтас  педагогикалық  процесін  және  білім  беру  мекемесіндегі 
тәжірибелік  іс-әрекетін  жүзеге  асыра  отырып  басқарудағы  кәсіптік 
құзыреттілігін қалыптастыру. 
  Пәннің  міндеттері: 
1) 
Білім  берудегі  менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері  мен 
тұтас  педагогикалық  процесс  және  мектептің  педагогикалық  ұжымын 
басқарудың  ерекшеліктері  жөніндегі  болашақ  мұғалімдердің  білімін 
қамтамасыздандыру. 



 
2) 
Болашақ  менеджерлерді  білім  берудегі  менеджменттің  мәні  және 
негізгі міндеттерімен таныстыру. 
3) 
Айрықша  кәсіптік  қызмет  түріндегі  білім  берудегі  менеджмент 
туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру. 
4) 
Менеджер  қызметінің  нысаны  ретіндегі  біртұтас  педагогикалық 
процесс  тұрғысынан  білім  беру  мекемесін  басқару  қабілет-дағдыларын 
қалыптастыру. 
Пәнді  оқу нәтижесінде студенттер  білуге тиісті: 

білім  беру  менеджменттінің    теориялық-әдіснамалық  негіздерін: 
педагогикалық  менеджменттің    қызметін,  заңдылықтарын,  ұстанымдарын, 
әдістерін, педагогикалық менеджменттің  жүйе қалыптастырушы факторларын, 
білім  берудегі  менеджмент  тұжырымдамасының  даму  тарихын;  жүйелік, 
ізгіліктік, құзыреттілік, технологиялық тұғырлар негізінде мектепті басқарудың 
ерекшеліктерін; 

мектептегі біртұтас педагогикалық процесті басқару негіздерін; 

мектептің    педагогикалық  ұжымын  тиімді  басқарудың  талаптарын 
білуге. 
Студент игеруге тиіс біліктіліктер: 
-  игерілген    теориялық  білімді  білім  беру  мекемесінде    тәжірибеде 
қолдану; 
-  білім  беру    мекемесінің  біртұтас  жүйесі  аясында  диагностикалық, 
талдамалық және жобалау қызметтерін жүзеге асыру; 
-  түрлі басқару қызметтерін жобалауды және жүзеге асыру; 
-  білім  беру    мекемесін  басқаруда  жүйелік,  ізгілік,  адамгершілік, 
құзіреттілік және технологиялық құзыреттілік дағдыларын  тиімді пайдалану; 
-  ашық    педагогикалық  жүйе  ретіндегі  біртұтас  педагогикалық  процесс 
тұрғысынан  басқару қызметінің  сапасын бақылау; 
-  білім  сапасын  бағалаудың,  білім  алушыларды  тәрбиелеу  мен 
дамытудың  заманауи  әдістемелерін пайдалана  отырып,  білім  беру  мекемесінің 
әдістемелік  жұмыстарына  араласуды,  білім  беру  процесінің  тиімділігін  талдау 
мен  бағалауды,  педагогикалық  менеджментттің  шектеулерін  еңсеру  бойынша 
әдістерді қолдану. 
Студент   меңгеруі тиіс: 
-  қазіргі  талаптарға    сәйкес  білім  беру    саласындағы    педагогикалық  
менеджменттің теориялық білімін; 
-  жобалау  мен  мектептегі  біртұтас    педагогикалық  процесті  басқаруды 
талдау дағдыларын; 
-  ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын; 
-  педагогикалық 
процестің  барлық  қатысушыларының  субьект-
субьектілік әсерлестігін  ұйымдастыру дағдыларын; 
-   меңгерген        жаңа  білімді  кәсіптік    тәжірибе    барысында,  сондай-ақ 
кәсіптік    міндеттерді  шешуде  пайдалану  дағдыларын; біртұтас    педагогикалық 
процесті  басқару  қызметіне  байланысты  түрлі  жағдайларға    икемді  әрі  жан-
жақты болуды. 



 
Студент  меңгеруі тиіс құзіреттіліктер: 
а) Коммуникативтік: 
- педагогикалық риторика саласындағы білімді меңгеруі; 
- конструкциялық білік пен дағдыны меңгеруі; 
- педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болуы; 
- қарым-қатынас технологиясын меңгеруі. 
б) Технологиялық: 
-  «инновация»,  «технология»,  «басқару  технологиясы»  ұғымдарының 
мәнін ұғыну, жаңа білімді меңгеру; 
- инновациялық технологияны топтай алуы; 
- инновациялық технологияны жетілдіру жолдарын ашуға ұмтылуы; 
- басқарушылық технологиялар бойынша шығармашылық ізденісі. 
в) Бақылаушылық: 
-  оқу-тәрбие 
процесіне  педагогикалық  технологияны  ендірудегі 
менеджмент саласындағы білімді меңгеруі; 
-  оқу-тәрбие 
процесіне 
инновациялық 
технологияны 
ендіруде  
педагогикалық мониторингті  жүзеге  асыруы; 
-  болашақ педагогтің өзін-өзі бақылауы; 
-  болашақ педагогтің өзін-өзі бағалауы. 
г) Қалыптастырушылық: 
-  оқу-тәрбие  процесіне    басқарушылық  технологияны  ендіру  жолдарын 
жобалай алуы;  
-  оқу-тәрбие  процесіне  басқарушылық  технологияны  ендіруді  жүзеге 
асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі. 
ғ) Жүйелеушілік: 
-  басқарушылық технологиялар жүйесі саласындағы білімдерді меңгеруі; 
-  инновациялық технологиялар бойынша шығармашылық ізденісі; 
-  инновациялық технологияларды жүйелей алуы; 
-  инновациялық 
технологиялардың  құрылымын,  оның  құраушы 
элементтерінің өзара байланысын  ажырата алуы. 
з) Зерттеушілік: 
-  гносеология,  әдіснама,  инновациялық  педагогика  және  психология, 
әдістеме саласындағы білімді меңгеруі;  
-  ақпаратты басқару дағдылары мен біліктерінің болуы;  
-  оқу-тәрбие  процесіне  педагогикалық  технологияны  ендіру  бойынша 
педагогикалық диагностика, талдау негізінде мониторинг жүргізе алуы;  
-  педагогикалық рефлексияға қабілетті болуы; 
-  оқу-тәрбие  процесіне  педагогикалық  технологияны  ендіру  бойынша 
ғылыми  зерттеулерді  өз  бетінше  жүргізе  алуы  және  оның нәтижесін    зерделей 
алуы. 
 Курстың 
пререквизиттері:  «Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе»; 
«Педагогика»;  «Қазақстан  тарихы»;  «Мәңгілік  Ел»;  «Оқушылар  дамуының 
физиологиясы»; «Өзін-өзі тану»; «Психология» пәндері . 



 
Курстың  постреквизиттері:  «Тәрбие  жұмысының    теориясы  мен 
әдістемесі»;  «Инклюзивті  білім  беру»;  таңдау  пәндері  бойынша  әртүрлі   
элективті педагогикалық курстар; оқу, өндірістік және педагогикалық практика. 
 
«Білім берудегі менеджмент» курсы жалпы кәсіби білім беретін пәндерді 
аяқтайтын  цикл.  Курсты  оқып  болған  соң  студенттер  басқарудың  қазіргі 
арнайы білімдерімен, педагогикалық ойлаумен қаруланады. 
«Білім берудегі менеджмент» оқулығында   теориялық материалмен бірге, 
тақырып  бойынша    білімді  тексеру  мен  бақылауға  арналған    тапсырмалар, 
глоссарий  берілген.  Әрбір  тақырып  бойынша  болашақ  педагогтардың  кәсіби 
құзіреттілігін қалыптастыратындай қосымша тапсырмалар жинақталған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет