69
4) білім мен іскерліктердің динамикалығын бейнелейді (әртүрлі
жағдайда қолдану);
5) мұғалімнің танымдық және практикалық іс-әрекеттерінің бірлігі мен
өзара байланысын көрсетеді.
Педагогикалық инновациялық білім мен іскерліктердің жүйесін
қалыптастыру процесінің қозғаушы күші – педагогикалық инновациялық
теория
мен
педагогикалық
инновациялық
іс-әрекетті
қажетсінуде,
мұғалімдердің оқыту мен тәрбиелеу саласындағы жаңа идея мен келісімдерді,
ұсыныс мен ережелерді игеруге деген қызығушылығында.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының критерийлері
мұғалімді берілген іс-әрекетке дайындау жұмысында олардың инновациялық
білімдері мен іскерліктері көрініс табады.
Педагогикадағы инновациялық білім жүйелілігінің көрсеткіштері:
- жаңа педагогикалық тұжырымдама, идея, келісім, заңдылық, ұстаным
мен ережелер және олардың әдіснамасы мен әдістемесін игеру дәрежесі;
- жаңа идея мен ережелерді оқу-тәрбие процесіне енгізуді ұйымдастыру
тәсілдерін теориялық ойластыру дәрежесі;
- білім беру жүйесіндегі жаңа теориялық тұжырымдама, идея, келісім
және заңдылықтармен әрекет ету, оларды практикада пайдалану деңгейі, жаңа
педагогикалық білімге қызығушылықтың даму дәрежесі (19-сурет).
Осындай
педагогикалық
бағыттылықтың
жалпы
көрсеткіштері
адамдардың барлық тобына тән, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдер
жаңа қасиеттерге ие болады: күрделі әдістемелік немесе технологиялық
мәселелердің шешімін іздеу бағыттылығы; оқу-тәрбие процесінің үздіксіз
сапалы жаңаруына деген мұқтаждық; жаңа идеялар мен тәсілдерге деген
инновациялық тәжірибе мен оны өз еңбегінде жүзеге асыруға деген талпыныс
мүддесі:
Достарыңызбен бөлісу: