84
- білім берудің жалпыға бірдейлігі;
- білім берудің зиялылығы;
- білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
- білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады.
Оның атқаратын
функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру
мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы
факторлармен,
қызмет
көрсету
жағдайларымен,
құрылымдық
және
функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы
факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету
жағдайлары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын
жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым)
және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет
мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық
компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен,
ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру
оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен
олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар
ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы
мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға
мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай
отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе
құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-
өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған
мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады.
Мектептің мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық,
еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық
мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер – жекелеген оқушылардың да,
тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды
қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен
анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге
асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық іс-әрекетке
қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын жалпы
және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға:
әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар; ал
арнайы жағдайларға: оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы,
мектептің тұрған жері, материалдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған
жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық
процестің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және
86
талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару –
бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын
қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі
басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да
күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-
ақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен
директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша
орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше
қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік
мүшесі.
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен,
қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде
атқарылып отырылады.
Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым.
Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса
орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асып отырады. Мұндайда
өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт.
Бұл
да
педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп
жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ,
білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де басшылыққа алған жөн:
әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық
ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз
қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын
тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы.
Менеджмент – адамдардың қарым-қатынасының ең қолайлы тәсілі. Кез
келген жұмыстың сапалы, нәтижелі орындалуында адамдардың өзара қарым-
қатынастарының алатын орны ерекше.
Менеджмент жүйесінде маманға аса қажетті сапалар:
адамдарға деген
сүйіспеншілік;
маманның кәсіби сана сезімі мен жауапкершілігі;
маманның
өзін-өзі әрдайым жетілдіруге дайындығы;
әділдік;
эмпатия;
тілектестік;
ынталылық;
ашықтық.
Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын
талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: