К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет109/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Өзін-өзі тану 
Өзін-өзі анықтау 
Өзін-өзі 
ұйымдастыру 
Өзін-өзі 
белсендіру 
Өзін-өзі сендіре 
алу 
Өз бетінше іс-
әрекет жасай 
алу 
Өзін-өзі бақылау
Өзін-өзі бағалау
Өзін-өзі 
жетілдіру 


84 
 
-  білім берудің жалпыға бірдейлігі;  
-  білім берудің зиялылығы;  
-  білім берудегі еркіндік пен плюрализм;  
-  білім берудің демократиялық сипатта болуы. 
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы  – мектеп кеңесі басқарады. 
Оның  атқаратын  функциялары  мен  жұмыс  мазмұны  жалпы  білім  беру 
мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.  
Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы 
факторлармен, 
қызмет 
көрсету 
жағдайларымен, 
құрылымдық 
және 
функционалдық  компоненттер  жиынтығымен  сипатталады.  Жүйе  құраушы 
факторлар  рөлін  мақсаттар  мен  нәтижелер  атқарады;  қызмет  көрсету 
жағдайлары  –  әлеуметтік-педагогикалық  және  уақытша  байқалатын 
жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) 
және  басқарылушы  (оқушылар  ұжымы)  жүйелермен,  педагогикалық  іс-әрекет 
мазмұнымен,  құралдармен,  нысандармен  және  әдістермен;  функционалдық 
компоненттер  –  педагогикалық  талдаумен,  мақсат  қою  және  жоспарлаумен, 
ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.  
Мектепті  педагогикалық жүйе  және  басқару  объектісі  ретінде  қарастыру 
оны  басқарушылардың  басқару  іс-әрекеті  бір  мезгілде  мақсаттар  анықтау  мен 
олардың  нәтижелеріне  қол  жеткізуге,  педагогикалық  және  оқушылар 
ұжымдарын  қалыптастыру  жағдайларын  жасауға,  оқу-тәрбие  жұмысы 
мазмұнын  таңдап  алу  мен  құралдарын,  нысандарын,  әрекетін  қолдануға 
мүмкіндік  береді.  Мұндай  амал  педагогикалық  жүйе  мақсаттылығын  сақтай 
отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.  
Педагогикалық  жүйенің  бастысы  болып  табылатын,  маңызды  жүйе 
құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-
өзі  анықтауына  және  өзін-өзі  дамытуына  жағдайлар  жасауға  бағытталған 
мұғалімдер  мен  оқушылардың  біріккен  іс-әрекет  мақсаты  болып  табылады. 
Мектептің    мақсаты  –  тұлғаның  интеллектуалдық,  құлықтық,  эстетикалық, 
еңбектік,  экологиялық,  құқықтық  және  басқа  да  мәдениетін  қамтитын  базалық 
мәдениет  негіздерін қалыптастыру болып табылады.  
Жүйе  құраушы  ретіндегі  нәтижелер  –  жекелеген  оқушылардың  да, 
тұтастай  алғандағы  оқушылар  ұжымының  да  тәрбиелік  деңгейін  анықтауды 
қамтамасыз  ететін  неғұрлым  тұрақты  және  нақты  өлшемдер  жиынтығымен 
анықталады.  Мұндай  өлшемдердің  болуы  қойылған  мақсатты  оның  жүзеге 
асырылу  күйімен  салыстыра  отырып,  мұғалімнің,  педагогикалық    іс-әрекетке 
қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.  
Педагогикалық  жүйенің  әлеуметтік-педагогикалық  жағдайларын  жалпы 
және  арнайы  жағдайлар  деп  екіге  бөлуге  болады.  Жалпы  жағдайларға: 
әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени,  ұлттық,  географиялық  жағдайлар;  ал 
арнайы  жағдайларға:  оқушылардың  әлеуметтік-демографиялық  құрамы, 
мектептің  тұрған  жері,  материалдық  мүмкіндіктері,  жабдықтар,  ол  тұрған 
жердегі  қоршаған  ортаның  тәрбиелік  мүмкіндіктері  жатады.  Педагогикалық 
процестің  тиімділігін  көрсететін маңызды  көрсеткіштер  –  педагогикалық және 


85 
 
оқушылар  ұжымдарындағы  моральдық-психологиялық  ахуал,  ата-аналар  мен 
оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.  
Педагогикалық  жүйенің  құрылымдық  элементтері  педагогикалық  ұжым 
және  оның  жетекшілерінің  немесе  басқарушы  жүйенің  іс-әрекеті  негізінде 
анықталады.  
Басқарылатын  жүйеде  негізгі  орын  оқушылар  ұжымына  беріледі.  Мұнда 
басқарудың  екі  деңгейін  анықтауға  болады:  тігінен  –  жалпы  мектеп  ұжымы 
және  сыныптар  ұжымы;  көлденеңінен  –  қоғамдық  ұйымдар,  спорттық 
секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.  
Ал,  педагогикалық  жүйенің  функционалдық  компоненттері  жеке-дара 
өмір  сүрмейді,  мұғалім  іс-әрекетімен  бірлесе  жүреді.  Функционалдық 
компоненттер:  педагогикалық  талдау,  мақсат  қою  және  жоспарлау, 
ұйымдастыру,  бақылау,  реттеу  мен  түзету  –  бұлар  педагогикалық  процесті 
қозғалыста,  өзгерісте  сипаттайды,  оны  дамыту  мен  жетілдіру  жолдарын 
анықтайды.  
Қазіргі  заман  жағдайында  жалпы  білімдік  немесе  қалаған  басқа  да  оқу-
тәрбие  мекемелерінің  педагогикалық  жүйесін  әрқайсысы  өз  алдына  күрделі 
жүйе  бөлімшелері  болып  есептелетін  төмендегідей  жүйешелер  бірлігі  ретінде 
қарастыру қабылданған:  
1)  дидактикалық  –  бұл  жүйе  сабақ  және  сабақтан  тыс  оқу-тәрбие 
жұмыстарын;  міндетті  және  факультатив  дәрістерді;  оқу  процесін 
ұйымдастырудың  негізгі  формасы  –  сабақтың  (сабақтағы  оқушы  және 
мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе бірліктері 
ретінде қамтиды;  
2)  тәрбиелік  –  үлкен  жүйе  бола  тұрып,  келесідей  сыныптан  тыс  және 
мектептен  тыс  тәрбие  жұмыстары,  отбасы  тәрбиесі,  қоғамдық  мекемелердегі 
тәрбие  және  өзіндік  тәрбие  жүйешелерінен  құралады;  оқушылардың  қарым-
қатынастары  және  олардың  мектептегі  өзіндік  басқару  жүйешесі  (мұның 
құрамына  енетіндер:  сыныптағы  өзін-өзі  басқару,  әрқилы  іс-әрекет  бағыттары 
бойынша кіші жүйешелер);  
3)  мектептің  әкімшілік  жүйесі  –  оқу  процесін  басқару,  тәрбие 
жұмыстарына  жетекшілік,  басқа  да  жұмыс  түрлерін алып  бару  жүйешелерінен 
құралады.  
Басқаруға  тән    басты  сипат  –  жұмысқа  барлығының  бірдей  араласуы: 
әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және т.б. Мұндай жағдай басқару қызметінің 
мазмұны  мен  нәтижесіне  үлкен  әсерін  тигізеді,  себебі  бұл  істің  қалаған 
сатысында  қай  деңгейде  болмасын,  басқарушы  адам  өз  әрекетінің  кез  келген 
сәті  мен  жүйенің  қалпы  тек  оның шешіміне  тәуелді  болмайтынын  мойындауы 
тиіс.  
Білім  жүйесінде  қалаған  деңгейдегі  басқару  қатынастары  тәрбиелік 
қызметті  де  атқарады.  Тәрбиеленушілерді  басқарушы  болып  есептелетін 
педагог-тәрбиешілер  оларға  жетекшілік  етеді,  ал  тәрбиеленушілер  осы 
жетекшілік  қатынастарды  пайдалы  ұғымдар  ретінде  игереді.  Осыдан  да 
басшының,  тәрбиешінің,  мұғалімнің  моральдық,  әдептілік  кейпіне  жоғары 


86 
 
талаптар  қойылады.  Кәсіби  іс-әрекетті  әрқилы  деңгейде  бірдей  тең  басқару  – 
бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын 
қалыптастыру  барысындағы  оқушы  іс-әрекетін  тәрбиешінің  бір  өзі 
басқармайды,  бұған  бірнеше  пән  мұғалімдері,  сынып  жетекшісі  және  басқа  да 
күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-
ақ,  мұғалімдердің,  сынып  жетекшілерінің  қызметтеріне  мектеп  директоры  мен 
директордың  оқу,  тәрбие  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  бойынша 
орынбасарлары  әкімшілік  басқару  жүргізеді.  Мұғалімдер  бір  уақытта  бірнеше 
қызмет  атқарады.  Ол  –  сынып  жетекшісі,  пән  мұғалімі,  әдістемелік  бірлестік 
мүшесі. 
Мектеп  көп  тарапты  байланысқа  ие.  Оның  жұмысы  ата-аналармен, 
қоғамдық  ұйымдармен,  мемлекеттік  мекемелермен  қатынастар  негізінде 
атқарылып  отырылады. 
Мектеп  –  мемлекеттік  (немесе  онымен  тығыз  байланысқан)  құрылым. 
Отбасы,  қоғам,  мемлекет  араларындағы  бірлікті  іс-әрекеттердің  ұштаса 
орындалуынан  тәрбиенің  жалпы  мақсаттары  іске  асып    отырады.  Мұндайда 
өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. 
 Бұл 
да 
педагогикалық  жүйелерді  басқарудың  өз  ерекшелігі.  Білім  берудегі  мектеп 
жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ, 
білім  жүйесін басқарудың  келесі  ерекшеліктерін  де    басшылыққа  алған      жөн: 
әртүрлі  жас  деңгейіндегі  балалар  бірлестіктеріне  басшылық;  материалдық 
ынтадан  гөрі  моральдық  ынтаның  басым  болуы;  басқарушының  өз 
қарамағындағылармен  жеке  таныс  болу  қажеттігі,  білім  саласын  басқаратын 
тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы.  
Менеджмент  –  адамдардың  қарым-қатынасының  ең  қолайлы  тәсілі.  Кез 
келген  жұмыстың  сапалы,  нәтижелі  орындалуында  адамдардың  өзара  қарым-
қатынастарының алатын орны ерекше. 
Менеджмент  жүйесінде  маманға  аса  қажетті  сапалар:  адамдарға  деген 
сүйіспеншілік;  маманның  кәсіби  сана  сезімі  мен  жауапкершілігі;  маманның 
өзін-өзі  әрдайым  жетілдіруге  дайындығы;  әділдік;  эмпатия;  тілектестік; 
ынталылық; ашықтық. 
Педагогикалық  қарым-қатынасты  тиімді  ұйымдастыруға  қойылатын 
талаптар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет