Сурет-28. Педагогикалық процестің құрылымы Субьективті
құрам:
Мұғалім
Оқушы
Мұғалім
Процессуалды
(іс-әрекеттік)
құрам:
мақсаттылық
мазмұндық
іс-әрекеттік
эмоционалдық
мотивациялық
бақылаушылық
бағалаушылық
нәтижел
Педагогикалық
процестің
құрылымы
91
Педагогикалық
процес
тің
субъектісі
–
тәрбиеленуші
және
тәрбиелеушілер. Педагогикалық процесс
субъектілерінің өзара байланысты іс-
әрекеттерінің соңғы нәтижесі – тәрбиеленушілердің адамзат жинақтаған
тәжірибені игеруі.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі: 1) ақпараттық –
тәрбиеленушіні сауаттандыру;
2) тәрбиелік –
тәрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі;
3) дамытушылық –
тәрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі;
4) аксиологиялық –
тәрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар
мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру;
5) әлеуметендіру –
тәрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу
(29-сурет).
Сурет-29. Педагогикалық процестің қызметтері
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе.
Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық; әдістемелік;
психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат –
принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың
нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн –
мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-
әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен
әдістер.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық
процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық
(оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене
мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Педагогикалық
процестің
атқаратын
қызметтері
Ақпараттық
Дамытушылық
Тәрбиелік
Аксиологиялық
Әлеуметтік
бейімдеу
92
30-суретте ғалым К.Д.Бузаубакованың педагогикалық жүйесінің қазіргі
компоненттерінің өзара байланысы ашылды.