Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында
жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі – сабақ болып
табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және аспектілі талдаулар болып
бөлінеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері
мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған
мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда
қолданылады.
Қысқаша талдау – сабақтан соң тез арада жүргізіледі, бірақ толық
соңғысы деп айтылмайды. Ол басқа талдауларға жол ашады. Сабақ
бақыланады, сабақтың мақсатына жеткен-жетпегендігі бағаланады және
болжанға нәтиже мен жұмыстан алынған соңғы нәтиже салыстырылады.
Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару
ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.