Кесте 6- Мектеп қызметін SWOT талдау Рет саны SWOT талдау Көрсеткіштері 1
Күшті жақтары
Білім беру нәтижелерінің диверсификациясы
(көпбейіндік)
Ақпараттық кешеннің болуы
Материалдық базаның жеткілікті деңгейі
2
Әлсіз жақтары
Оқытуға деген мотивацияның жеткіліксіздігі
Білім беру сапасын бақылау объективтілігінің
жеткіліксіздігі
3
Мүмкіндіктері
Білім берудің жоғары әлеуметтік құндылығы
Ақпарат алмасу жылдамдығының артуы
Әкімшілік тарапынан қолдау табуы
4
Қауіптер
Мектептің дайындық деңгейінің төмендеуі
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі
Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау. Барлық сабақтар
талданады. Сабақты талдау өте күрделі, шығармашылық жұмыс, өйткені ол
үлкен шеберлікті қажет етеді. Сабақты талдауды төмендегідей мақсатты көздейді: 1) Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.
2) Мұғалімге нұсқаулар беру.
3) Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.
4) Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау,
кемшіліктерді жоюға көмектесу.
5) Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды
талдаулар болып бөлінеді.