Ықпалдастық (интегративтік) құзырлық – тез өзгеретін сыртқы орта
жағдайында білім, білік, дағдыны ықпалдастыра алу қабілеті.
Менеджердің ықпалдастық құзырлығы төмендегілерді білдіреді:
- менеджердің
басқару
процесінің
табиғатын
түсінуі,
негізгі
ұйымдастыру
құрылымдарын
білуі,
басқару
деңгейлері
бойынша
жауапкершілікті сезіне білуі және міндеттерді нақты көре алуы, басқару
тиімділігін арттыру қабілеті;
- басқаруға қажетті ақпараттық технология мен қатынас құралдарын
білуі;
- өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе алуы;
- адамдардың басқару құзырлығы, мамандарды дұрыс таңдау және
даярлау, көшбасшылыққа қабілетті қарым-қатынастың үйлесімділігі;
- мекеме мен қызмет көрсету арасындағы өзара қарым-қатынастардың
ерекшеліктерін білу;
- ресурстарды басқару қабілеті;
- мекеменің іс-әрекетін бағалай алу қабілеті, дұрыс шешім қабылдай
алуөз біліктілігін көтеруге талпынысы.