Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық менеджмент субьектілерінің өзара әрекеттесуінің өктемшіл, демократиялық және либералдық стильдері, олардың сипаттамалары (формальды және мазмұнды жақтары). Менеджменттегі вербальді емес коммуникацияның ерекше түрі. Жалпы мәдениет – адамдардың іс-
әрекетінің моральдық, сапалық жиынтығы. Педагогикалық мәдениет – жалпы
адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда рухани және материалдық
құндылықтар, адамзаттың шығармашылық педагогикалық әрекетінің тәсілдері
сақталған.
Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары:бала тұлғасы;жеке
тұлғаның дамуы;бала тәрбиесі;баланың әлеуметтік қорғалуы;баланың құқығы
мен абыройын қолдау (67-сурет).
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: ізгілікті педагогикалық
көзқарас; педагогтың тұлғалық қасиеттері; мұғалімнің теориялық білімі мен
шығармашылық ойлауы; кәсіби іс-әрекет мәдениеті; шығармашылық әрекет
тәжірибесі.
Басқаруды ұйымдастыру формалары әрқилы құрылым және бағыттарда
болуы мүмкін: нұсқау-әдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының
отырыстары, педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық
конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай
сауаттандыру және т.б. Сонымен, мектепті басқаруды ұйымдастырудағы
маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп,
әрекетшілдік жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір
басшының жіті білуі.