256
- ұжым мүшелерінің жеке қауіпсіздігіне кепілдік беру;
- ұжым мүшелерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға жағдай жасау;
- ұжым мүшелерінің инициативасын қолдау, шығармашылық қабілеттері
мен әлеуеттерінің ашылуына, дамуына толық мүмкіндіктерді қарастырып
жағдай жасау.
Ұжым мүшелерінің білім беру жүйесіне қосқан үлестері мен
жетістіктерін үнемі ынталандырып, марапаттап отыру.
Ю.А.Конаржевскийдің сөзімен айтсақ, «әртүрлінің бірлігі» – бұл
педагогикалық іскерлік деңгейі, көзқарастары, санасының әртүрлілігіне
қарамастан қойылған мақсатқа жетуді көздейтін біртұтас ұжымды
қалыптастыру.
Егер жақсы басшы болғыңыз келсе – барлық күш-жігеріңізді, біліміңізді
адамды тану үшін жұмсаңыз. Олардың қажеттіліктерін, құндылықтарын,
қабілеттерін үйрен, зертте және адамдардың өзара қарым-қатынасын түсінуге
талпын (Н.В.Кухарев).
Ю.А.Конаржевский басқарудың авторлық тұжырымдамасын ұсынады:
басқару іс-әрекеті – бұл бұйрық беру, үкім шығару, адамдарға қысым көрсету
емес,
адамдар
арасындағы
мақсатқа
бағытталған
қарым-қатынасты
қалыптастыру, басшының әбден ойластырылған координациясы – бұл
адамдардың жемісті еңбек етуіне қажетті жағдайлар жасау, бұл
оқытушылардың өзара қарым-қатынасының бірыңғай жүйесін жасау, бұл
ұғымның тұрмыстық, өмірлік философиясын, старатегиясын, тактикасын
анықтау.
Д.Колб,С.Люблин, Д.Спос, Р.Бейкер менеджердің құзырлық нобайын
ұсынды. Ол басқару құзыретінің басты бағыттарын анықтайды.
Менеджер құзырлығының көпдеңгейлі иеархиялық нобайының құрамына
ықпалдастық қызырлық кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: