262
астындағы адамдарға толық еркіндік береді. Алайда, бұл өкінішке орай,
қызметкерлерге
сенгендігінен
емес,
басшының
кәсіптік
жоспарға
сенімсіздігінен, мінезінің нашарлығынан, басқарушылық, байланыстық
құзыреттіліктердің
қалыптаспауынан
болады.
Ол
қызметкерлермен
қатынасында ақ жарқын, бірақ солай бола тұра енжар, бастама көрсетпейді.
Топта қандай да бір құрылымды еңбек, тапсырмаларды, міндеттер мен
құқықтарды нақты бөлісу жоқ. Ақпараттық ағындар қалыпқа келтірілмеген, бұл
ұйымның қызметіне зиян келтіреді, өйткені қажетті мәліметтер олардың
талапты түрде өтінгендерінен кейін ғана жетеді. Басшы қызметкерлердің оң
және теріс бағалауларынан, топтық қатынастарды реттеуге араласудан қашады,
қажетті жағдайларда оның баға берулері үстірт және шашыраңқы болады.
Қорытындылай келгенде, либералдық стиль басқарудың жоқтығын көрсетеді,
өйткені басшы мұндай міндеттер мен қызметтерден толығымен шеттетілген.
Басшылықтың барлық үш классикалық стилі көріністің сипатты түрлеріне
ие. Өктемшіл басшыға бет әлпетінің қаталдығы, қатты, бұйрық бере сөйлейтін,
өзін топтан бөлек ұстайтын қылықтары тән. Демократиялық басшыға адамдарға
үйірлік, сыртынан қарағанда мейірімді, өкімдері өтініш немесе ұсыныстар
түрінде, сөз мәнерінде «мен» дегеннің орнына «біз» жүреді. Либералдық
стильде басшының сыртқы келбеті ештеңеге қатысы жоқ, көрінбейтіндей.
Достарыңызбен бөлісу: