Бағдарламалық өнімнің нұсқасы (version) деп бағдарламалық осы
өнімнің басқа даналардан ерекшелігі бар бағдарламалық өнім данасы
деп атайды. Жаңа нұсқалар функционалдылығымен, тиімділігімен
немесе ескі нұсқалардағы қателерінің болмауымен ерекшеленуі мүмкін.
Кейбір
нұсқалары
бағдарламалық
немесе
аппараттық
қамсыздандырудың конфигурациясымен ажыратылуы мүмкін, олар
әзірленген, бұл ретте бірдей функционалдылыққа ие болады.
Шығу нұсқасы (release) - бұл БҚ жеткізу болып табылатын, яғни
тапсырыс берушіге жеткізілетін бағдарламалық қамсыздандырудың
нұсқасы. Әрбір жаңа шығатын нұсқада жаңа функционалдық
мүмкіндіктер болады, не болмаса бұл нұсқа жаңа аппараттық платформа
үшін әзірленген. Нұсқаларының саны, негізінде жеткізу санынан артық
болады, себебі барлық нұсқалары тапсырыс берушіге жеткізіледі, ал
бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу процесінде ішкі пайдалану
үшін құрылады.
Жеткізілетін бағдарламалық қамсыздандырудың әрбір нұсқасының
өзінің белгілі бір нөмірі бар. Бағдарламалық қамсыздандырудың
196
нұсқасы A.B.C.D схемасына сәйкес нөмірленеді, мұнда:
■
A - бағдарламалық қамсыздандырудың мажор нұсқасы (major
version);
■
B - бағдарламалық қамсыздандырудың минор нұсқасы (minor
subversion, аралық нұсқасы);
■
C - бағдарламалық қамсыздандыру «релизі» (release);
■
D - бағдарламалық қамсыздандыруды жинау (build).
Сондай-ақ, бағдарламалық қамсыздандырудың қарапайым нөмірі
қолданылуы мүмкін - A.B (мысалы, пайдалану, жарнамалық және
маркетинг құжаттарында көрсеткенде, веб-сайтта және т.б.).
Бағдарламалық қамсыздандырудың мажор нұсқасының нөмірінің
өзгеруі өнімнің функционалы ауқымды өзгергенде болады.
Бағдарламалық қамсыздандырудың минор нұсқасының нөмірінің
өзгеруі мүмкін:
■
ескі нұсқамен бағдарламалық үйлесімділікке әкелетін жаңа
функционалдылық
өнімге
енгізу
(деректер
деңгейіндегі
үйлесімсіздік);
■
өнімнің функционалдылық схемасындағы өзгерістер;
■
жаңа өнімде жаңа бәсекелестік артықшылықтардың пайда болуымен
жаңа
функционалдылықты
ұлғайту,
қосу.
Бағдарламалық
қамсыздандыру релизінің нөмірін өзгерту жоғарыда аталмаған
бағдарламалық қамсыздандыруды көпшілік шығаруда болады.
Релиздердің нөмірлері қателердің түзетілу шығыстарын белгілейді, олар
өнімнің функционалдылық схемасына өзгерту енгізбейтін және
деректердің файлы деңгейінде үйлесімсізділікті енгізеді. Өнім
релиздерінің нөмірленуі 0-ден басталады (1.0.0-нұсқа – өнімнің нарыққа
алғаш шығуы). Өнімнің жаңа аралық нұсқасы шыққан кезде релиз
нөмірленуі нөлдік мәннен басталады. Бұл ретте өнімнің алдыңғы аралық
нұсқаларының релиздерін шығару мүмкін (осы немесе өзге техникалық
себептер бойынша, пайдаланушыларды қолдау үшін).
Бағдарламалық қамсыздандыруды жинау нөмірлерін өзгерту өнімді
жаңа жинауда болады (бағдарламалық қамсыздандыру компиляциясы
ішкі мақсаттар үшін). Өнімнің жиналу нөмірленуі 1-ден басталады
(0.0.0.1 - өнімнің прототипін алғашқы жинау). Жинау нөмірі өнімнің
жаңа нұсқасы шыққанда тасталуы мүмкін (әзірлеме бөлімінің шешімі
бойынша).
Қазіргі уақытта нұсқаларды басқаруды қолдау үшін көптеген CASE-
құралдар әзірленген, олардың көмегімен әрбір нұсқаны сақтауды
басқаруды жүзеге асырады және БҚ компоненттеріне қатынауды
бақылау.
БҚ жаңа нұсқаларын шығару мен енгізудің себептері болуы мүмкін:
197
■
алдыңғы нұсқаларды пайдалану процесінде анықталған қателерді
түзету қажеттілігі;
■
алдыңғы нұсқаларды жетілдіру қажеттілігі, мысалы, интерфейсті
жақсарту немесе орындалатын функциялардың құрамын ұлғайту;
■
жұмыс істеу ортасының өзгеруі, мысалы, жаңа техникалық
құралдардың және/немесе бағдарламалық өнімдердің пайда болуы.
Жеткізуге дайын бағдарламалық қамсыздандыру келесі түрде
жіктелуі мүмкін:
■
ES-жеткізу - прототипті жеткізу;
■
PA-жеткізу - альфа-нұсқаларды жеткізу;
■
PB-жеткізу - бета-нұсқаларды жеткізу;
■
RP-жеткізу - қорытынды жеткізу.
Прототип бағдарламалық өнімнің бастапқы нұсқасы болып
табылады, ол жүйеде салынған концепцияларды көрсету, талаптар
нұсқасын тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ БӨ әзірлеу барысында
да, пайдалану кезінде де туындауы мүмкін проблемаларды іздеу және
осы шешімдердің мүмкін нұсқаларын көрсетуге қолданылады.
Бағдарламалық қамсыздандырудың альфа-нұсқасы БҚ барлық
немесе барлық дерлік негізгі функцияларын іске асырады, алайда
олардың кейбіреулері болмауы немесе тыс тұрақты емес қателермен
орындалуы мүмкін. Альфа-нұсқаны әдетте тапсырыс берушіге өнімді
әзірлеудің алғашқы сатыларында анықтау мақсатымен ғана береді, бірақ
ол толығымен немесе барлық дерлік функциялары жүзеге асырылған
болуы керек.
Бета-нұсқада бағдарламалық қамсыздандырудың жоспарланған
функцияларының толық жинағы іске асырылған. Альфа-нұсқаларға
қарағанда бета-нұсқалар тараптық пайдаланушыларды тартуды
болжайды.
Бағдарламалық қамсыздандыруда керемет қиын қателер жоқ,
маңызды қателер өте аз. Барлық жобалық құжаттар дайын және
бағдарламалық қамсыздандыру тапсырыс берушінің талаптарына
сәйкес. Анықтамалық жүйе мен пайдаланушының құжаттамасы да
толық дайын. Бұл қарқынды пайдалану да бағдарламалық
қамсыздандырудың жоспарланған функцияларының толық жиынымен
дайын деуге болады.
Оның мақсаты бағдарламалық қамсыздандырудың жұмысындағы
қателердің барынша көп санын анықтау болып табылады, оларды
нарыққа, көпшілік тұтынушыларға өнімді шығару алдында қорытынды
жою үшін керек.
Бұдан басқа, бета-нұсқа жарнамалық мақсаттарда нарықта өнімді
алға жылжыту стратегиясының бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін
198
(мысалы, бета-нұсқалардың тегін таратылуы пайдаланушылардың
өнімнің қымбат нұсқасына тартуға мүмкіндік береді), сондай-ақ
болашақ пайдаланушылардың кең ауқымынан ол туралы алдын-ала
пікір алу үшін қолданылуы мүмкін.
Бета-нұсқа өнімнің қорытынды нұсқасы болып табылмайды, сол
себепті әзірлеуші қателердің толық болмауына кепілдік бермейді, олар
деректердің жоғалуына және/немесе компьютердің жұмысын бұзуы
мүмкін.
Қорытынды жеткізу БҚ әзірлеу жөніндегі жобамен жұмысты
аяқтауды және сүйемелдеу сатысына өтуді білдіреді. Өнім барлық
жолдама құжаттамасымен тапсырыс берушіге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |