199
қолданылады, қолданыстағы жүйе жақсарғанда немесе ұлғайғанда, ал
талаптардың сипаттамасы жаңа функцияларды іске асыру мақсатымен
өзгертіледі.
3.
Жетілдіруші
(прогрессивті) сүйемелдеу жүйенің жұмыс
тиімділігін арттыру немесе оны сүйемелдеу тиімділігін арттыру
мақсатымен кез келген өңдеуді қамтиды.
Бірнеше сүйемелдеу желілерін ажырату қажет:
■
0-желі (call-center, ақпараттық орталық, жедел желі) - клиенттерден
телефон хабарларын өңдеу, хабарламаларды техникалық мамандарға
беру (1-сүйемелдеу желісі);
■
1-желі (сүйемелдеу жөніндегі инженер, техникалық қолдау инженері,
support engineer) - бағдарламалық
қамсыздандыру жұмысындағы
қателерді жою, кеңес беру, баптау, білім базасын толықтыру,
пайдаланушылар нұсқаулығын құру;
■
2-желі (сүйемелдеу жөніндегі инженер, техникалық қолдау инженері,
support engineer) - функционалды сүйемелдеу, тапсырыс берушінің
жабдығына
бағдарламалық
қамсыздандыруды
іске
қосу
сатысындағы
жобалық қызмет;
■
3-желі (сүйемелдеу жөніндегі инженер, техникалық қолдау инженері,
support engineer) - тапсырыс берушінің жабдығында бағдарламалық
қамсыздандыруды іске қосу сатысындағы жүйелік сүйемелдеу,
жобалық қызмет.
Сүйемелдеу жөніндегі инженердің жұмысын ақпараттық орталық
жұмысымен қате салыстырады. Алайда, функционалы бойынша бұл
мамандарды ажыратады - егер call-center пайдаланушылардың жүгінуін
нақты аккумуляциялайтын болса, онда сүйемелдеу БҚ әзірлеу мен
толықтыру тізбегінде
орталық буын болып табылады, БҚ пайдалану
кезеңінде (жүйе, сервис) пайда болатын проблемаларды шешеді.
Сүйемелдеу жөніндегі инженер (техникалық қолдау инженері,
support) - әзірлеудің барлық сатыларында процестер, сервистердің дұрыс
жұмыс істеуін қолдаумен айналысатын маман.
Сүйемелдеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі ақпараттық-
технологиялық сүйемелдеу ұйымның ішкі міндеттерін шешуге
бағытталған:
маман
бағдарламалық
қамсыздандыру
пайдаланушыларымен өзара әрекет етеді, ішкі ақпараттық ресурстармен
(бағдарламалық
қамсыздандыру, портал, жұмыс деректер қоры және
басқалары).
Сыртқы ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу тапсырыс беруші
(клиент) пайдаланатын сервистерді, бағдарламалық қамсыздандыру мен
қызметтерді сүйемелдеуге бағытталған.
Сүйемелдеу жөніндегі инженер жоспарлау дағдыларын меңгеруі
200
керек және ұйымдасқан, көптеген көп міндеттілік режимінде жұмыс
істеуге қабілетті болуы керек.
Инженердің міндеті -
қысқа мерзімде проблеманы жою, ол
сүйемелденетін
бағдарламалық
қамсыздандырудың,
сервистің
тақырыптық саласында жақсы түсінік білуі керек және аралас
бөлімшелердің техникалық тапсырмасын құра білуі керек. Бұл
бағдарламалау
тілдерін,
деректер
қорын,
бағдарламалық
қамсыздандыруға әкімшілік ету дағдыларын, аналитикалық ойлау мен
зерделілікті білусіз мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: