К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет188/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   195
14.2.
 


297 
мүмкіндігі туралы шешім қабылдау. Сертификаттау жөніндегі органға 
келіп түскен сынақ хаттамалары және өнімнің сәйкестігі туралы басқа 
құжаттар, бағдарламалық өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі 
туралы қорытынды алу үшін талдаудан өткізіледі. Осы деректердің 
негізінде талдаудың нәтижелері бойынша, сарапшының қорытындысы 
жасалады. Осы құжаттың негізінде сертификаттау жөніндегі орган 
сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды. 
Сертификаттау сынақтары теріс нәтижемен аяқталуы да мүмкін. 
Сарапшының теріс қорытындысында, сертификаттау органы өтініш 
берушіге себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы шешім 
шығарады. Бұл жағдайда сертификаттау жөніндегі орган, сондай-ақ 
өндірушінің, өнімді сатушының (жұыстарды орындау үшін) орналасқан 
жері бойынша, тиісті мемлекетті бақылау және қадағалау аумақтық 
органын, аталмыш өнімді сату (немесе жұмыстарды орындау, қызметтер 
көрсету) бойынша ескерту бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін, 
ескертуі тиіс. 
Сәйкестік белгісін қолдануға сертификат және лицензия (рұқсат) 
беру. Сертификаттау нәтижелері бойынша, бағдарламалық өнімге, 
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда 
сәйкестік сертификаты беріледі. Бұл өнім белгіленген тәртіпке сәйкес, 
сәйкестік таңбасымен таңбаланады. Сәйкестік белгісі қаптамаға, 
тұтынушыға сату кезінде келіп түсетін ілестірілетін техникалық 
құжаттамаға басылады.
Өндіруші, сертификаттау органынан лицензия ала отырып
сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын алады.
Әдетте әрбір жүйеде өз белгісі қабылданған. Сертификаттау 
жүйесіндегі сертификат та, оларды мемлекеттік тізілім де міндетті түрде 
тіркеуге қойғаннан бастап күшіне енеді.
Сертификаттау сызбасына сәйкес сертификатталған нысанды 
(сертификаталған өнімді) инспекциялық бақылау, сертификаттау 
сызбасымен қарастырылған жағдайда, сертификаттың және сәйкестік 
таңбасын қолдануға лицензияның әрекет ету мерзімінің ішінде 
жүргізледі. Жоспардан тыс тексерулер, тұтынушылардан және бақылау 
органдарынан өнімнің сапасына наразылықтар туралы ақпарат түскен 
жағдайда, сертификаттау жөніндегі органмен тағайындалады. 
Инспекциялық бақылаудың мақсаты сатылып жатқан өнімнің 
белгіленген талаптарға сәйкестігін растауда. Сертификатталған өнімнің 
нақты 
түріне 
инспекиялық 
бақылаудың 
жалпы 
ережелері, 
сертификаттау органдарын және сынақ зертханаларын аккредиттеу 
бойынша ережелерді және біртекті өнімді сертификаттау ережесімен 
анықтайтын құжаттармен белгіленеді. 
Инспециялық бақылаудың нәтижелері актімен рәсімделеді, ол 


298 
сертификаттау жөніндегі органда сақталады. 
Сертификаттау жөніндегі орган сертификаттың және сәйкестік 
белгісін қолдануға берілген лицензияының әсерін тоқтатуға немесе 
жоюға құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет