12
Бағдарламалық қамсыздандырудың түр өзгергіштігі - өзгерістерді
енгізуге қабілеті, мысалы
өңдеу функцияларының кеңеюі, басқа
техникалық өңдеу базасына өту және т.б.
Бағдарламалық өнімнің коммуникативтілігі оның басқа
бағдарламалармен бірігуінің максималды мүмкіндігіне,
деректермен
алмасуын қамтамасыз етуге (деректер қорының экспорты/импорты,
өңдеу нысандарын енгізу немесе байланыстыру және т.б.) негізделген.
Бағдарламалық
қамсыздандырудың
сүйемелденуі
-
пайдаланушының
өзгеріп
отыратын
қажеттіліктеріне
сәйкес
бағдарламалық қамсыздандырудың қателерін жою немесе түрін өзгерту
жөніндегі күш-жігерді азайтуға мүмкіндік беретін бағдарламалық
қамсыздандырудың сипаттамалары.
Дәлдік - нәтижелердің олардың тағайындалуына сәйкес орындалу
дәлдігін айқындайтын сипаттама. Мысалы, егер бағдарламада банкі
операциялары бойынша есептер жүргізілсе, онда саналы түрдегі дәлдік
үш таңбадан кейін келесілерді екі таңбаға
дейін дөңгелектеумен
құрылады. Егер де бағдарламалада молекулярлық деңгейде
биологиялық сараптамалар бойынша есептер жүргізілсе, онда дәлдік 10-
12 ондық таңбаға дейін қажет болуы мүмкін.
Қателерге тұрақтылық - бағдарламалық өнімнің кіріс деректерінің
кез келген жағдайда жұмыс істеуі немесе жабдықтармен өзара
байланыста қателердің болуы. Бұл тараптың айқындылығы ғарыш
саласында
бағдарламалық
қамсыздандыру
тұрақтылығының
қажеттілігімен көрнекі түрде беріледі.
Ақпараттылық - бұл бағдарламалық
қамсыздандырудың
түсініктілігін қамтамасыз ететін сипаттамалардың бірі. Егер ақпарат
жеке құрамдас бөлшектердің жұмысының мағыналық нәтижесінің
мәнін, қабылданған шектеулерді, бағдарламалық қамсыздандырудың
тағайындалуын қамтамасыз ететін ұғымнан тұрса, бағдарламалық өнім
ақпараттылық сипаттамасына ие бола алады.
Бағдарламалық
қамсыздандырудың ашықтығы оның бастапқы
коды қолжетімді болғанда бағдарламалық қамсыздандырудың әрбір
операторының тағайындалуын түсінуге мүмкіндік береді (мысалы, әрбір
бағдарлама сәйкестендіргішінің мағыналық жүктемесі болуы керек).
Бағдарламалық
қамсыздандырудың
сипаттамасы
ретіндегі
келісушілік сыртқы және ішкі болады. Ішкі келісушілік бірыңғай
терминологияны, ұғымдар мен мәндердің бірыңғай түсіндірілуін
қамтамасыз етуі тиіс. Бұл сипаттама бағдарламалық кешендер құрылған
кезде, мамандар тобы жобамен
жұмыс істегенде және өзара
байланысқан бағдарламалық модульдер бойынша байланыс қажет
болатын жұмыс процесінде ерекше өз мәніне ие болады. Сыртқы