Тіректер (бағаналар) жасалған
материалына байланысты ағаш,
темірбетонды, металл тіректер болып бӛлінеді. Қазіргі кезде ағаш тіректер
сирек қолданады. Темірбетонды тіректердің бағасы арзанырақ және олар ҧзақ
мерзімді қызмет етеді. Оларды ЭЖЖ-де 110 В дейін қолданады. Металл
тіректерін кернеу деңгейі жоғары және
аса жоғары болатын ЭЖЖ-де
пайдаланады.
Кабельді ЭЖЖ.
Электрді жеткізу желістерін жерге кабельдерді
орнату арқылы жасауға болады. Қолданылатын кабельдердің қҧрылымы
кернеумен, талшықтардың саны мен қималарымен, жҧмыс
істеу
шарттарымен анықталады. Ток ӛткізгіш талшықтарды мыс пен алюминийден
жасайды. Кабельдер бір және кӛпталшықты болып бӛлінеді. Талшықтардың
санына байланысты бір, екі, ҥш және тӛртталшықты кабельдер ажыратылады.
Тӛртталшықты кабельдерді кернеу деңгейі тӛмен желістерінде пайдаланады.
Бҧнда талшықтардың біреуі нӛлдік сым болып келеді.
Кабельді ЭЖЖ ҥшін трасса керек емес,
олар атмосфералық
қҧбылыстар әсерінен тәуелсіз, қалалық шарттарда қолданылуы ыңғайлы және
т.б. Алайда, олар кӛп қаражатты қажет етеді және олардың зақымдалуын
аңғару қиын.
Достарыңызбен бөлісу: