К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет2/159
Дата16.10.2023
өлшемі7,04 Mb.
#116057
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Ярочкина-Электр-техника-негіздері.-Оқулық

Қҧрметті оқырман!
Аталмыш оқу-қҧралы техникалық сала мамандықтарына арналған 
жалпы кәсіптік цикл пәндері оқу – әдістемелік кешеннің бір бӛлігі болып 
табылады.
Оқулық «Электротехника негіздері» жалпы кәсіптік пәнін оқытуға 
арналған. 
Оқулыққа жаңа заман талабына сай оқу-әдістемелік кешен негізіне 
жалпы білім беру және жалпы кәсіптік пәндер, кәсіптік модульдерді 
қамтамасыз ететін, дәстҥрлі және иновациялық оқу материалдары кіреді.
Әр кешен жалпы және кәсіптік компетенцияларды, соның ішінде, 
жҧмыс беруші талаптарын негізге ала отырып, меңгертуге арналған 
оқулық және оқу қҧралынан, оқыту және бақылау қҧралдарынан тҧрады. 
Оқу басылымы электронды білім ресурстарымен толықтырылып 
отырады. Электронды ресурс интерактивті және жаттықтырушы 
жаттығулар, мультимедиялық объект, қосымша материалдарға және 
интернет ресурстарына нҧсқамадан тҧратын, теориялық және тәжірибелік 
модульдерден қҧралған. Оларда оқу процесінің негізгі параметрлері: 
жҧмыс уақыты, бақылау және практикалық тапсырмалар нәтижесі 
тіркелетін, электрондық оқулық және терминологиялық сӛздіктер 
қамтылған. Электронды ресурстар оқу процесіне оңай қалыптасады және 
әртҥрлі оқу бағдарламаларына бейімделе алады.


 Алғы сӛз
«Электротехника негіздері» оқу қҧралы орта және кәсіптік білім беру 
мекемелері студенттеріне арналған жалпы кәсіптік пән болып табылады.
Электротехника деп электрлік және магниттік қҧбылыстарды
тәжірибелік мақсатта қолданатын, ғылым мен техниканың саласын 
атаймыз.
Электр энергиясы – энергияның ӛндірісте, ауыл шаруашылығында, 
қҧрылыста, кӛлікте және кҥнделікті тҧрмыста қолданылатын ең кӛп 
тараған тҥрі
Электротехниканың ғылым ретінде дамуы электрлік емес ӛлшемдерді 
электрлікке тҥрлендірудің тҥрлі әдістерін ӛңдеуге және кез келген 
ӛндірістік процестерді бақылауға, басқаруға және автоматты реттеуге 
арналған электрлік қҧралдарды қҧруға мҥмкіндік берді. Электрлік және 
магниттік қҧбылыстарды ӛндірісте, медицинада, экологияда және т.б 
ӛндірістерде қолдану электротехниканың қазіргі жетістіктері болып 
табылады.
Оқу қҧрал сегіз бӛлімнен тҧрады: «Электростатика негіздері», 
«Тҧрақты 
ток 
электр 
тізбектері», 
«Электромагниттілік 
және 
электромагнитті индукция», «Айнымалы токтың электр тізбектері», 
«Электрлік ӛлшеу және электр ӛлшеуіш қҧралдар», «Трансформаторлар», 
«Электрлік машиналар», «Синхронды машиналар» және «Электр 
энергиясын ӛндіру, тарату және тҧтыну».
Әр бӛлімнің басында оқып болғаннан соң, студенттің қалыптасуы 
керек біліктілігі мен дағдылану талаптары келтірілген.
Оқу қҧралының мазмҧны электроэнергетиканың қазіргі жетістіктеріне
негізделген және тәжірибелік-бағытталған бағытқа ие. Типтік есептер 
шешімдері, бақылау сҧрақтары және тәжірибелік тапсырмалар ӛзіндік 
жҧмыстарды ҧйымдастыруға арналған.
Рефераттардың ҧсынылған тақырыптары студенттердің сабақтан тыс 
ӛзіндік жҧмыс негізінде қолдануға арналған. Оқулықта оқу материалдарын 
қҧрылымдау және оны меңгеруді оңтайландыру ҥшін ерекшелеулер 
қолданылған.
Оқулық 
орта 
техникалық 
сала 
мамандықтарына 
арналған
«Электротехника негіздері» пәні бойынша кәсіптік білім берудің 
федералды мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет