Башқұрт мақал-мәтелдерінен.
Тұздан ащы болма,
Балдан тәтті болма.
Байдың құлы болғанша,
Байғұстың ұлы бол.
Білген білгенін істер,
Білмеген білегін тістер.
Атылмаған қоян –
Асылмаған қазан.
Алтыныңмен мақтанба
Ақылыңмен мақтан.
Асап тоймаған, жалап тоймайды.
Ақ иттің бәлесі қара итке тиеді.
Біреудің үйрегін жесең,
қазыңды аяма.
Байға борышыңды өтемей тұрып,
Қылышыңды көрсет.
Ақын Салауат Юлаевтың өлеңдері өзінің башқұрт тілінде
сақталмаған Салауаттың башқұрт тіліндегі өлең-жырларын XIX ғасырда
78
өлкетанушы орыс әдебиетшілері ел аузынан жазып алып, орыс тіліне
тәржіма жасаған. Рәшит Нығымати сол орысша нұсқасынан қайтадан
башқұрт тіліне аударған.
Салауат Юлаев өлеңдерін алғаш рет башқұрт тілінен қазақшаға
аударған ақын Берқайыр Аманшин башқұрт ақынының шығармаларын үш
кезеңге бөліп қарастырады.
Алғашқы кезеңінде – табиғат сұлулығын қызықтаған, махаббатты,
бейбіт өмірді мадақтаған «Туған елім», «Оралым», «Бұл заман нені
көрмеген...» деп басталатын т.с. өлеңдері туған.
Екінші кезеңі – көтеріліс айлары. Бұл Салауат Юлаевтың «жиырма
екі жасында, жасыл кәмшат бөркі басында», ақ семсері қолында – ата
жауына ақырып тиісіп, ойран салған кезі. Ер азаматтың намысын қозғап,
жалаң қылыш, жайдақ атпен жауға батыл шабуға үндеген жырлары осы
кезде, ат жалында: жорық қосының астында туды. Бұл өлеңдер қас жауына
деген өшпенділікке, терең тебіренген халық күшінің құдіреттілігіне сенген
жарқын оптимизмге толы.
Бір қызығы – Салауат Юлаевтың өз тағдыры да, жорық кезінде, ат
жалында туған отты жырлары да кезінде Исатай Таймановтың жан досы
болған Махамбет ақынның тағдыры мен жалынды жырларын еске салады.
Салауат Юлаев поэмасының Махамбет жырларымен үндестігі, екі
ақынның да өмірдің оғындай өткір, лепті, қанатты жырларындағы сөз
қолданыстары тіпті кейбір өлең шумақтары бір-біріне өте ұқсастығы көп
жәйтті аңғартқандай болады. Мұның өзі, ең алдымен, түркі тілдес
халықтардың сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр
жалғастығынан туындап жатса керек.
Үшінші кезеңі – шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейінгі, қол-аяғы
бұғауда, ақынның жан азабы мен тән азабын қатар тартқан ширек
ғасырлық ғұмыры, Салауат Юлаевтың бұл кездегі жырлары сағынышқа,
мұңға толы. Алайда өршіл ақын болашақтан бір сәтке де үмітін үзбеді.
|