СЕМИНАР САБАҚТАРЫ ҚЫРҒЫЗ ӘДЕБИЕТІ Мақсаты: қырғыз әдебиетінің ауызша және жазбаша әдебиетінің
тарихы туралы ғылыми түсінік қалыптастыра отырып, түркі тектес
халықтарының әдебиетінің қазақ әдебиетімен байланысын, өзара
ықпалдастығы жайында мәлімет беру.
Жоспары: 1. Қырғыз халық ауыз әдебиеті.
2. Қырғыз әдебиетінің зерттелу тарихы.
3. Қырғыз жазба әдебиетінің тарихы.
4. Қырғыз әдебиетінің жарқын өкілдері.
5. Ш.Айтматовтың шығармашылығы.
Нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді қарастыра отырып, жоспар бойынша
қарастырылған сұрақтарға нақты ғылыми ақпаратты сұрыптап,
ғалымдардың пікірлеріне жеке-жеке тоқталып, талдау жасау. Әдеби
терминдермен сөздіктерді пайдаланып, жұмыс жасау. Дәріс бойынша
талданған шығармаларды оқып, сараптау.