К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет17/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жазудың негізгі алгоритм элементтері тақырыбын пысықтау арқылы білім дағдыларын меңгерту. Ее әрпінің жазу техникасын үйрету.
Дамытушылығы: Ее әрпін жазуда ережелерді тиімді қолдануға, графикалық қырағылыққа біліктілігін дамыту.
Тәрбиелігі: Таза, әдемі жазуды талап ету барысында мінез – құлықтарын сезімталдыққа, гигиеналық сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ертегіге бейімделген аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Пысықтау, жүйелеу, сұрақ-жауап, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа-жазба әріп кесте, «Ұйқасын тап» ойыны, суреттер.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық жаттығулар өткізу.

  2. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

5- тапсырма нүктелер орнына д,т әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жазу.
Жазу барысында қай әдіске сүйендіңдер?
Көшіріп жазу кезінде айтылуы мен жазылуы ережесінің көмегі тиді ме?

  1. Жаңа білімді меңгерту.

Қызығушылықты ояту. Ұйқасын тап!
Бүгінгі сабақ «Шалқан» ертегісіне бейімделетінін түсіндіру. Ертегі мазмұны алдынан таныс болғандықтан, көмекші сұрақтарды қолданып, еске түсіру. Әр кейіпкерге мінездеме беріп, сабақтың барысындағы орындалатын тапсырмалар жүйесі мен таныстыру.
Ата отбасымен егін салды (Ұжым болып сабақ тыңдауға ұсыныс жасау).
Тақтамен жұмыс жүргізу. Ее әрпін жазу алгоритмімен таныстыру.
Егіндері тамаша өнім берді. Қуаныштан ән салды.
Сергіту сәті
Еңбек еттім бүгін мен (Бастарын төмен иіп қолдарымен егін салу әрекетін жасайды),
Терлеп-тепшіп маңдайым (Бастарын жоғары көтеріп қолымен бетін сүртеді).
Ал тәттіні тіліммен (Бастарын оңға, солға қозғайды),
Татты бірақ таңдайым (Құшақтарын кеңге созады).
Ата мен әжей қартайғандықтан шалқанды қазуға күштері жетпеді. Немересін көмекке шақырды (Оқушы дауыс беріп шақырады).
1 – тапсырма. Үлгідегі Ее әрпін, сөздерді ережеге сүйеніп жазуға ұсынылады. Байланыстырып жазуға дағдылары қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет