Сабақты қорытындылау: Төмендегі кесте бойынша оқушы білімін анықтап, толықтыру барысында сабақты қорыту.
Білемін
Білдім
Үйге 5 – тапсырма: Өлеңді көшіріп жазу. Баспа әріппен, жазба әріптің айырмашылығын есте ұстау.
Орман, көлге, жайлауға,
Шақырады жаз жайраң.
Шаршамайды шарлауға,
Барлық бала мәз- мәйрам.
Е. Өтетілеуов
8 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Жазудың негізгі алгоритм элементтерін жазу жаттығулары. Дд әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жазудың негізгі алгоритм элементтерін жазу жаттығулары туралы түсінікті беру. Дд әрпінің элементін көркем жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Дд әрпінің жазылу ережесі мен графикалық кескінін меңгерту барысында үздіксіз жазуға дағдыландыру. Әріптердің жазылу алгоритмін есте сақтай отырып зейін, қабылдау сияқты қызметтерін дамыту.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында белсенділікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, суретті сөзжұмбақ, тест.
Сабақтың көрнекілігі:. баспа, жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер, қол добы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жаттығулары.