Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жазудың негізгі алгоритмі жайлы алған білімдерін пысықтау. Ғғ әрпін жазу ережелерімен таныстыру. Графикалық қателерді көруге, түзетуге дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында қабылдау, есте сақтау қызметтерін қосымша тапсырмалар арқылы дамыту.
Тәрбиелігі: Ауызша тапсырмаларды орындау барысында, қарым-қатынас мәдениетіне, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабқтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: Білімді жинақтау, түсіндіру, СТО технологиясы, ойын түрлері, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Бір-біріне достық тілектерін айтып, сәттілік тілейді.
2. Үй тапсырмасына шолу жасау. Пысақтауға арналған сұрақ-жауаптар.
Кіші г мен л әрпі қандай сызық арқылы байланысады?
Г- нің бас әрпі неше элементтен тұрады?
Үздіксіз жазу дегенде не айтуға болады?
Жазудың негізгі алгоритмі дегенді қалай түсіндіңдер?
3. Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Жазудың негізгі алгоритмі жайлы біз, алдыңғы сабақта біраз мағлұмат алғанбыз. Әр бір жазу сызығы, әріп элементтерін ілесу тәртібі мен орындау екендігін білдік. Ал, бүгін Ғғ әрпін осы ереже бойынша жазу барысында, өз білімдерімізді толықтырып отырамыз. Ғ әрпі – үш бөліктен тұрады. Тақтамен жұмыс жасау барысында ережесі мен таныстырылады.
Сергіту сәті
Жадырығын Күндейміз, Күндейміз
(Қолдарын жоғары көтереді)!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз
(Қолдары мен гүлдің бейнесін салады)!
Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз
(Ауаны толтыра жұтып, ауыздан шығарады)!
Сылдыраған Сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз (Қолдарын көтеріп, саусақтарды ойнатады)!
Жазу дәптерлерімен жұмыс.
1 – тапсырма. Үлгідегі әріптерді, сөздерді жазуда байланыстарды, ара ашықтықты сақтау қажеттілігі ескеріледі.
2 – тапсырма. Қайсысы дұрыс? Қайсысы бұрыс? Сөздерді орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Ұшырылды, әлеміне, ғарыш, зымырандар.
Аяғынан, жараланыпты, қарлығаш.
Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
Достарыңызбен бөлісу: |