3 – тапсырма «Сөз ішіндегі сөз» ойыны арқылы топпен жұмыс жасауға үйрету. Құрастырған сөздерін әдемі, таза жазуға ұсыну.
отар
Э К С К А В А Т О Р
4 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазу. «Экскурсия» сөзіне талдау жүргізу.
Шежіреге бай, бар алап,
Тарихын оймен саралап,
Экскурсия жасаймыз,
Қаланы бүгін аралап.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта Ээ әрпінің жазу элементтерімен таныстық.
Э әрпіне берілген жұмбақтарды, ойындарды орындай отырып, Ээ әрпінің баспа, жазба түрлерін меңгердік. Бұл тапсырмалар бізге, ой- өрісімізді, білімдерімізді толықтыру үшін берілгендіктен орынды қолданыуымыз қажет.
Үйге. 5 – тапсырма. Мәтінді оқып, соңғы екі сөйлемін көшіріп жазу.
Ғарышкерлер
Ғарышкерлер орбиталық станцияларда айлар бойы тұрады.Өз экипаждарында өте жеңіл сезінеді. Түрлі эскиздер сызады. Біз оларды экраннан көріп отырамыз.
«Қуырмаш» журналынан
Бағалау. Көркем жазып, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
18 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Оо, Өө әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оо, Өө әріптерінің элементтерін жазуға үйрету. Тапсырмаларды орындау барысында байланыстырып, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Тренингтер, сөзжұмбақтар арқылы, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Топтармен жұмыс жүргізе отырып, ұжымда өзін- өзі басқара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, жүйелеу, сұрақ- жауап, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріптер кестесі, суреттер, Венн диаграммасы,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Шаттық шеңберіне қол ұстаса тұрып, жақсы тілектерін жеткізу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа білімді меңгерту. Оо, Өө әріптерінің элементтерін жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |