С абақты қорытындылау: «Күн сәулесін құрастыру» ойыны арқылы оқушылар білімін қорыту.
Н әрпі неше элементтен тұрады?
Дыбыстық талдау жаса.
К әрпі неше элементтен тұрады?
Дыбыстық талдау жаса.
Үлкен әріптердің өлшемі қандай болады?
«Күн сәулесін құру» арқылы оқушыларға ертеңгі күнге, сәттілік тілеу.
Үйге 5- тапсырма. Кк, Нн әріптеріне сөз құрастырып жазу.
Бағалау. Таза, әдемі жазған оқушыларды, белсенді қатысқандарды мадақтау.
17 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ээ әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Ээ әрпінің элементтерін жазуға үйрету. Қосымша әдіс- тәсілдер арқылы сөйлемдерді жүйелі құруға, өздігінен қортынды шығара білуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: Зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты интегративті дағдыларды дамыту.
Тәрбиелігі: Гигиеналық талаптар арқылы төзімділікке, шыдамдылыққа мейрімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жинақтау, сұрақ-жауап, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріп кестелері, суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жаттығулары.
Үй тапсырмасын сұрау. «Сөз ойла, көп ойла!» ойыны арқылы ең көп сөз жазған оқушыны анықтау. Үй тапсырмасын қорыта отырып, жүлдегерді бүгінгі күннің жеңімпазы деп тануға ұсыну.
Жаңа білімді меңгерту. «Сөзжұмбақ» шешу арқылы қызығушылықты ояту.
Көк аспаннан тұңғиық
Алқапқа тұр нұр құйып,
Алтын дәнді қабылдап,
Қай машина тұр биік?
Ээ әрпінің элементін жазға дайындық.
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз, (Қолдарын жоғарыға көтереді)
Жапырығы жайқалған.(Құшағын кең ашады)
Сабақтары салалы, (Қолды жоғары көтеріп, қозғайды)
Желге ырғалып жайқалған. (Барлығы біргелікте оңға, солға қозғалады)
1 – тапсырма. Үлгідегі көрсетілген әріп элементтерін, сөздерді ережеге сай жазуға ұсыну. Әріптер арасындағы байланысты, арақашықтықты сақтауға үйрету.
2 – тапсырма.Терме диктант. Қайсысы дұрыс, Қайсысы бұрыс? Оқушыларға
Э әрпі бар сөздерді теріп, дұрыс жазуға тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |