К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет14/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
УМКД

Бала бойындағы жамандықты жою теориясы (аскетизм (тақуалық); пиетизм) орта ғасырда туған. Оның мәні мынада, яғни адам табиғаты алғаш рет күнәға батқан шақта, монах-тәрбиешілер тәрбиені бала бойындағы жамандық дәнін жою үшін аяусыз күресу деп түсінді.
Осы мақсатта олар адамның күнәһар табиғатымен күресу үшін тақуалыққа беріліп, қолдан келгенін аянбады: «Балаңды жасынан жазала, сонда қартайғанда жаның тыныш болады. Балаңды бос ұстама: ұрғаннан өлмейді, ақылы енеді; оның денесін ауыртқаныңмен жанын өлімнен алып қаласың. Ұлыңды жақсы көрсең де жиі жазала, кейін жақсылығы мен қуанышына кенелесің»1.
Неміс пиетисті Август Герман Франке (1663-1727, Francke) әрбір бала өзімен күнә мен өлімнің бөлшегін алып жүреді деп санады. Сондықтан, оның еркін жаншып басып, жүрегін ояту керек. Педагог баланы еркіне жіберудің қандай түріне болмасын, қарсы тұрды: бала әрқашан да тәрбиешінің бақылауында болуы тиіс. Дінді оқып-үйрену және неғұрлым жиі дұға оқу тәрбиеленушінің барлық уақытын алуға тиіс болды және ойындар мен ең күнәсіз деген көңіл көтерулерге де жол берілмейтін. Осылайша бала бойындағы жамандық атаулы жойылып отырды.
Еркін тәрбиелеу теориясы. Оның өкілдері Жан Жак Руссо (1712-1778), швед жазушысы Эллен Кей (1849-1926), орыс жазушысы және педагогы Лев Николаевич Толстой (1826-1910) болды. Ж.-Ж.Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» кітабы мынадай сөздермен басталған: «Жаратушы бәрін де мінсіз жаратады, адам қолынан өзгеріп қайта туады».
Бастапқы тәрбие бұған қарама-қайшы болды және мейірімділікке немесе шындыққа баулу, жүректі - кірленуден, ал ақылды адасудан сақтауға бағытталды. Баланың өзіндік тәжірибесі оның бірден-бір ұстазы болуға тиіс.
Бала мәдениеті тәрбиесі теориясы (И.-Г.Песталоцци; Ф.Фребель). И.Г.Песталоцци үшін тәрбие бала өз дамуы үшін өзі күш салған жағдайда ғана оған қолдау жасайды. Педагог үшін тәрбие су жағасына отырғызылған жеміс беретін ағаш сияқты. Яғни тәрбие көрмеген бала - өз бетінше өскен жабайы ағаш, ал тәрбиеленуші бала – бақшада бапталған өсімдік. Осылайша салыстыру Ф.Фребельдің бүкіл педагогикасының өн бойынан қызыл жіппен өрнектеліп отырады. Оның пікірінше, бағбан өз бақшасын табиғатпен байланыса отырып қалай бағып-күтсе және табиғаттың барлық талабын орындай отырып, бақшасын кемеліне келгенше толықтай жайнатып-жайқалтып өсірсе, біз де дәл сондай бала тәрбиелеуге тиіспіз.
_______________________________________________________________
1 Домострой/ құр.алғыс.жазғ.ауд.түс.жазғ. В.В.Колосова. М.; Сов. Россия, 1990.
2 Ж.Ж.Руссо. Эмиль, или О воспитании // Ж.Ж.Руссо. Педагогич. сочинения / Г.Н.Джибладзенің редакторлығымен. 2-т., 1-т. М.: Педагогика, 1981. 24-б.


Жеке тұлғаны тәрбиелеу тәрбие теориясы (Ф.Фёрстер). Бала өз қолынан келмейтіндіктен, өзін өмір сүру ортасына бейімдеу үшін көмекке мұқтаж болады. Оған дамуы жабайы адамның аң сияқты (Homo Ferus) қалпынан осы заманғы мәдениетті қалпына (Homo Sapiens ) жетуі үшін ұзақ жолдардан жүріп өтуі қажет: «Қоғам адамнан табиғатынан қалай жаратылса - сондай және өз бетінше өссе жабайы қалпында қалатындай емес, мүлдем басқа адам жасауы қажет»1.
Тәрбиешінің ұмтылдырушы мазмұны ретіндегі мәдени құндылықтар. Тәрбие дегеніміз – тәрбиеленушінің жеке басының ішкі рухани байлығының ғылым, өнер, мораль және дін арқылы баюы болып табылады: Мәдениет адамзатқа ғана тән ерекше белгі; жан-жануар да дамиды, алайда, адам ғана мәдени дами алады. Мәдениет мазмұны тәрбие арқылы ғана беріледі. Тәрбие тәрбиеленушіге табиғатында жоқ нәрсені дарытады.
Педагогикалық волюнтаризм («Еңбек мектебі»). Ф.Фребель былай деп жазды: Жаратушы адамды өз қалауындағы бейнеде жаратты; ендеше адам да жаратушы сықылды жасампаз болуға тиіс.... міне, еңбек пен өнімді де жасампаз іс-әрекеттің асқақ мағынасы, терең мәні, ұлы мақсаты қайда жатыр»2. Педагог осы мақсатта мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне басты элемент ретінде қол еңбегін және жалпы айтқанда, бала қимыл-қозғалысын енгізді. ______________________________________________________________
1 Отечественная социальная педагогика: хрестоматия/ құр. Алғысөзін жазған Л.В.Мардахаев, М.: «Академия» баспа орталығы, 2003. 47-б.
2 Сонда, 50-б.

Еңбек мектебі деп баланың өзінің белсенді еңбегіне негізделген мектепті ұғынды. Ол мынадай бірнеше бағыттардан тұрады:


- басты пән ретінде қол еңбегі (кәсіптік немесе жалпы білім беретін қолөнер мектебі);
- барлық пәндерді өту арқылы әдіс ретінде қол еңбегі (мануализм):
- тек қол еңбегі емес, барлық жағынан бала белсенділігін дамытатын мектеп.
Тәрбиелеудегі әлеуметтік-жеке тұлғалық тәсілдеме проблемаларының бірі – оны мақсатын белгілеу. Ол көбінесе тәрбиені кімнің (отбасы, мемлекет немесе шіркеудің) мақсаттарын іске асыратын өзінше бір институттардың рөлін атқарады. Бұл орайда, адамгершілік, азаматтық және конфессиялық тәрбие алға қойылады.
Педагогикада әлеуметтік бағыттарды қалыптастырудың әлеуметтік-жеке тұлғалық тәсілдемесінің бастау көздері осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет